Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

Қаржы мониторингі агенттігі Delta Bank АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев Н.С. (Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне кіреді) несиелер беру арқылы банк қаражатын шығарғаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, 5 қант зауытына, 20-дан астам жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлік нысанына және 40 көлікке бұғат қойылды. Бұған Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Латвия мен Чехиядағы активтер де кіреді», — деді ҚІЖК-нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Көшербаева Салтанат.

Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 миллиард теңгеден астам, 200 миллион АҚШ доллары және 4 миллион еуро. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданған, іс бойынша айыпталушылар қамауда.

ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ШЕШІМ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантология саласын дамытуда...

РЕШЕНИЕ, ДАРЯЩЕЕ НАДЕЖДУ: В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ АКТИВНО РАЗВИВАЕТСЯ ОРГАННОЕ ДОНОРСТВО

Алматинская область является одним из ведущих регионов Казахстана по...

Вакцинация – залог здоровья нации

В Алматинской области проводится системная работа по повышению охвата...

Вакцинация – ұлт денсаулығының кепілі

Алматы облысында жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтуды арттыру бағытында медициналық...

Семь из десяти казахстанцев готовы прийти на выборы – политолог

Более 70% казахстанцев заявляют о готовности принять участие в...