12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дубайдағы EXPO 2020 көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің қатарына кірді

Дубайда өткен EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің бірі атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан павильоны EXPO 2020 көрмесінде үздіктердің қатарында екінші орын алды. Бірінші орын — Германия, үшінші орын — Италия», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазақстан павильоны БАӘ-нің басты павильонына жақын орналасқан «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде орналасқан. Онда келушілер Қазақстанның әлемдегі орны, тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алды.

Сыртқы жағынан павильон шығыс стилінде жасалған, ол заманауи техникалық мүмкіндіктермен толықтырылды. Қабырғалар жеңіл құрылымнан жасалған, үшкіл арка Түркістанның қасиетті жерлерін еске түсірді. 

Павильонның кіреберіс аркасы петроглифтермен және скиф-сақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген.

Ал құрылым ішінде экспозиция бірнеше аймаққа бөлінген. Қабырға орнына айналар мен экрандар орналасқан басты зал Ұлы дала аймағы деп аталды. Олар шексіз кеңістікті көрсеткісі келді, ал жасанды шөп — шексіз даланың көрінісі. Павильонда дала иісі де аңқып тұрды. Ол үшін жусан иісі бар хош иістендіргіш қолданылды.

Еліміздің павильонын жасауға 8 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. 

Дубайдағы EXPO 2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін жалғасты.

Производственная динамика и структурные изменения в аграрном секторе

Сельское хозяйство Казахстана демонстрирует устойчивый рост: за январь–октябрь 2025...

№75 мекемесінде ана мен бала кездесуі өткізілді

№75 мекемесінде күзетпен ұсталып отырған азаматша Т-ды Атырау облысы...

«Өмірге — «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!»

Жас дос!Жат қылықтан аулақ бол! Жалғанды жалпағынан басып жүремін...

Неке және отбасы

Отбасы – қоғамның ең басты ұясы, ал неке –...