Доллар бағамы түссе де азық-түлік неге арзандамайды?

Қазақстанда доллар арзандағанымен азық-түліктің бағасы түспей тұр. АҚШ валютасы 510 теңгеге жеткен кезде тауарларының құнын бірден көтерген кәсіпкерлер, қазір оны төмендетуге асығар емес. Айлығымыз шайлығымызға әрең жетеді деген жұрт, бағаны өсіргенде долларға жүгінетіндер, арзандағанда қайда қарайды деп ашулы. Азық-түлік алып жүрген ағайын доллардың құны қымбаттағанда бірден шарықтап шыға келген тауарлардың бағасы АҚШ ваютасы арзандаса да өзгерген жоқ деп ашулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Теңге күшейгеннен халыққа пайда жоқ деген жұрт, өзімізде өндірілетін заттар да аспандап барады дейді. Тіпті, бағасы екі есеге көтерілген қанттың өзін таппай жүргендерін айтады.

Экономист Мақсат Халықтың сөзінше, тауар өндірушілер оның бағасын түсіруге асықпайтыны орынды дейді. Өйткені, теңгенің күшейгеніне және ұлттық валютаның осыдан кейін тағы нығайып, долларды әлсіретеді дегенге сену қиын екен. Оның үстіне дистрибютерлер жеткізетін тауарлардың транзиттік жолы ұзарған. Ол да оның құнына әсер етеді дейді экономист. Бірақ, төл валютаның кез келген уақытта құлдырауы — басты себеп екен.

“Теңгемізге негізі ұзақ мерзімде сырттан қысым өте көп. Геосаяси жағдайлар ол бір. Соғыс қазір бітейін деп тұрған жоқ ол екі. Одан кейін үшінші мәселе, доллардың өзінің құны әлемдік деңгейде артып келе жатқан жағдайы бар. Осы тұрғылардан қарайтын болсақ, теңгемізге бәрібір қысым түседі”, – дейді экономист Мақсат Халық.

Маманның айтуынша, егер теңге дәл осы бағамды кем дегенде үш ай ұстап тұрса, онда қымбаттаған азық-түлік бағасы аз да болса түсуі мүмкін. Бірақ, бұрынғы деңгейге дейін төмендемейді екен. Өйткені, импортталатын тауарлардың жеткізілу жолы ұзартылады. Ал, шикізаты шетелден келетін отандық тауарлардың құны да теңгенің тұрақтылығына байланысты дейді экономист.

Новая повестка

НА ВТОРОМ ПЛЕНАРНОМ ЗАСЕДАНИИ КУРУЛТАЙ ПРИСТУПИЛ К ФОРМИРОВАНИЮ СОБСТВЕННОЙ ЗАКОНОДАТЕЛЬНОЙ ПРАКТИКИ. ДЕПУТАТЫ ОПРЕДЕЛИЛИ ПОРЯДОК РАССМОТРЕНИЯ ЗАКОНОПРОЕКТОВ, ЗАКРЕПИЛИ МЕХАНИЗМЫ РАБОТЫ ПАРЛАМЕНТСКОЙ ОППОЗИЦИИ И ВЫНЕСЛИ НА ОБСУЖДЕНИЕ ВОПРОСЫ ЦИФРОВОЙ БЕЗОПАСНОСТИ И ОТВЕТСТВЕННОСТИ ЗА ПРОТИВОПРАВНЫЙ КОНТЕНТ.

Мектептерде қазақы амандасу әдебін күнделікті тәрбие жұмысына енгізу ұсынылды 

Қазақстан мектептерінде ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін күнделікті тәрбие жұмысының тұрақты элементі ретінде енгізу ұсынылды.

«Алматы – Бішкек» тас жолында ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу енгізіледі 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының аймақтық филиалының мәліметінше, шектеу Қаскелең қаласы маңындағы жол айрығын салу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Президент тапсырмасы: Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады 

Жаңа стадион қаланың батыс бөлігіндегі 25 гектар аумақта бой көтереді.

Құрылтай депутаттары қанша жалақы алады? 

Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева Құрылтайда өткен брифингте айтты.