Шұбатылған темекі түтіні ауа төсін тілгілеп сыртқа лақты… Саңылаудан енген жел түтінді ішке қайта тықсырғанымен, будақтаған көк түтін ауада жұтылып жатты… «Өмірдің бұралаң, алдамшы жолдары дәл осылай белгісіз бағытқа қарай бастап, ауаға сіңе беретін тәрізді…».
Терезе «желкөзінің» тұсында шылым шегіп тұрған капитан шеніндегі салмақты, жасы қырықтар шамасындағы тергеуші әлденеге қобалжулы. Оның ой елегінен тиянақтап өткізген әрбір нұсқалар мен оқиға желісі бір сұраққа әкеліп тірей берді. «Не үшін?» …Жұмыс столына жайғасып, ой иіріміне қайта сүңгіген…
Жалғыздық
Ерте тұрып, шай қамымен жүрген Айжан ұйқыдағы Нұрланның жүзіне ынтызарлықпен ұзақ қарап, жанына келді. Маңдайына басын сүйеп емірене иіскеген… Әрі аунап түскен ол «ұйқы берші» дегендей ыңғай танытты. «Жұмысқа бармаушы ма едің?» деп жұлқылаған әйеліне бажырая бір қарап, сүйретіле орнынан тұрды. Жаңа шаңырақ көтерген жас жұбайлар арасындағы маздаған сезім алауы сөнбесе де, күнделікті қайталанатын қым-қуыт тіршілік бір сәт мезі ете бастаған…
Ертелеп кетіп, кештетіп оралуы күнделікті дағдыға айналғалы қашан?! Бір- бірінен аумайтын әр тәуліктің соңы тағатсыздана жарын күтуге ұласады. Бүгін де мазасыз қаланың таңғы қарбаласқа толы ырғағына елтіп отырып, азанғы шайларын үнсіз сімірген.
– Мені күтпей жата бер! Із кесуде боламыз. Жедел шараларға тартылдым…
Күйеуінің жүзіне ерекше құмарлықпен қараған Айжан:
– Әйтеуір аман оралсаң болғаны!.. Сенсіз солардың шарасы бітетін күні бар ма өзі?.. – деп жымиған да қойған. Іштей оның он айдан бергі дағдылы сөзіне иланса да, қиналғанын жасыруға тырысты.
Тағы да жалғыз… Жұмысына бүгін кештеу баратыны есіне түскен соң ғана тұрмыстық заттар дүкендерін аралуға шыққан… Айжанның тігін ісіне ден қойғанына да жыл жарым болды. Қолы қалт еткенде қаланың орталықтағы дүкендерін аралап, келесі жалақылары қолға тигенше үйлеріне керек заттар қарайтын… Жолай өз ойымен әбігер болып келе жатқан жас келіншектің нұрлы жүзін бір қаяу мұң торлап, әп-сәтте өңі күреңітіп шыға келді. Әйелге тән қызғаныш қытығына тигендей күй кешіп, көңілін босатып жіберген. «Жұмыстан кеш қайтатыны қашанғы жалғаспақ? Нешеме рет айттым, таста жұмысты…Басқа жұмысқа ауыс деп…Бәрібір өз білгені. Жоқ әлде біреуі бар ма?..» Осы сауалдар ойына оралғанда жүрегін еріксіз дір еткізген… Күздің салқын лебі талдырмаш тәнін тоңдырып, қойны-қонышына қол салған. Үйге кіреберістегі пошта жәшігіндегі жарнама газеттеріне көзі түсіп, керегінше ала кірді…
Алқымында кептелген запыран мен өксік кеуде тұсын қысып, өкіре келіп жатын бөлмедегі төсекке өзін-өзі екпінмен лақтырған. Жұмарланған құс жастық құшағында бүктеліп қалғанымен, көзден аққан жасына малшынып жатты…
Тіршілік симфониясы
Кәдімгідей мызғып кетіпті. Иығынан жәйлап тартқан тегеурінді қолды сезіп селк етіп басын көтеріп алды. Жанында тұрған Нұрланды байқап көзіне бұлаулап жас толған…
– Жаным, мені жалғыз қалдырмашы. Қорқам… Сені жоғалтқым келмейді. Біреуге айырбастамашы…Полицияда жұмыс істейтіндердің бәрін «қыдырымпаз» дейді ғой жұрттар…» – деп бода-бода жылаған. Жарының қылығына кеңкілдей күлген Нұрлан оның толқынданған шашына танауын жасырып тұрып:
– Қойсаңшы, қайдағыны бастамай…Мен жұмыста жүр емеспін бе? Кестесіз жұмыс екенін білесің. Қиын екені рас, бірақ мен үшін қызық…Тастай алмаймын… – деп шорт кесті.
– Уәде етші тым құрыса!..
Жалбарына қараған жарының жанарына тесіле қараған Нұрлан:
– Уәде…Сен бұлай күнде жылай берсең, менің де жүйкем сыр беруі мүмкін…Бір жыл бұрын бәрін біле тұра тұрмысқа шығуға өзің келістің емес пе?.. – деп жұбатқан болды.
– Иә… – деді Айжан самарқау күйде мұңайып…
Көптен бергі қаяулы көңілі орныққандай болғанымен, бәрібір қорқыныш қоламтасы қайта бықсығандай. Түн жарымына дейін у-шуы тарқамайтын мазасыз қаланың тіршілік симфониясына құлақ түріп жатып, сәлден соң олар ұйқыға кетті…
Шарылдаған сағат дауысынан оянған екеуі мамық жастықтан бастарын жұлып алды. Айжан лыпасыз сұлу мүсініне жұқалтаң халатын қымтана жүріп ас үйге беттеген… Ертемен жұмысына даярлаған ас-суын асығыс ішкен Нұрлан Айжаннан құшағын зорға ажыратып, қимастықпен ұзақ қараған. Жып-жылы кеудесінен жәйлап итеріп, сыртқа беттеген күйеуінің соңынан Айжан жүгіре басып, балконнан көз салды…
Жол жиегіндегі әріптесінің көлігіне асығыс мінген ол болса көз ұшында ғайып болды. Айжан ішкі әлемін жаулаған мазасыздыққа тағы налып, мұңая түсті. «Ол бүгін де кешігеді. Ертең де.. Арғы күндері…Жалықтырар бір сарын..».
«Өткен жолы Нұрланның жұмысына барғанында оның бастығы мазақ еткендей кеңкілдеп күліп еді… «Сіздің ғана күйеуіңіз кешікпейді. Полицияның бәрі кешігіп жүреді…» деп… Сонан соң оның жұмысына бас сұғуға арланбақ түгілі, қорланғаны есіне түсті. Ендігәрі полиция кеңсесіне бас сұқпауға шешім қабылдаған…»
Қаралы хабар
Капитан сықырлауық ағаш орындықтан жәйлап тұрып, терезеге тақау барған. Шылым тұтатып, құшырлана сорды… «Ақылыма сыймайды… Мүмкін аға лейтенанттың өлімі кездейсоқ біреудің қолынан болса ше?! Тіпті солай болған күннің өзінде ол табылған жерде торғайдың қанындай ғана қан дақтары қалған. Мәйітті әлдекімдер әкеліп тастады деген логикаға жақындау… Бұл версия. Марқұм жанталаса қашса да, ол еңсерген аралықта да қан ізі тамбауы мүмкін емес. Айғақ боларлық бірде-бір зат қолға ілікпеді…»
Кабинетіндегі тозған үстел үстінде жатқан жұмыс телефоны табан астынан шар ете түсті.
– Серікбаев келіп кетші!.. – деген полковниктің дауысын жазбай таныды. Дереу қылмысты іс материалдарын көтеріп, кабинетіне бет түзеді.
– Қандай тың нәтижелер бар? – деген бөлім бастығы салыңқы қабақпен қарсы алды.
– Әзірге бәлендей ештеңе қолға іліккен жоқ, полковник мырза! Мәйіт жатқан жерді көп адам шиырлаған, ізді анықтау мүмкін болмады… Иісшіл иттер ізден жаңылып қалды,–деп іс қағаздарын ұсына берген.
– Енді не істе дейсің? Мен іздейін бе? Сөйлес, куәлер ізде…Сол маңайдағы дүкендер мен кафелерді тексер. Бейнекамера болса, талдау жаса… Отбасына қашан хабарладыңдар?…
– Марқұмның ұжымы қайғылы хабарды сол күні таңертеңгілік естіртіпті. Жұбайына жедел жәрдем шақыртуға тура келген көрінеді. Аздап есінен танған бейшара… Қиын…Уыздай жас азамат…Жаңа шаңырақ көтерген…
Капитан көз астымен ойланып қалған полковникке қараған.
– Өзі полиция қызметкері болса…Көшеде көлденең көк атты еркінсіп пышақтап кете берсе…Бәріміз үйде отырайық онда, дірілдеп…
Ашулана бастаған бастығына қайрат бергендей Серікбаев:
– Қапа болмаңыз, полковник мырза. Істі созбалаңға салмай аяқтауға бар күшімді жұмсаймын. Кетуге рұқсат етіңіз, – деп қалды.
– Бар, капитан! Қалғуды қойыңдар! Бұл соңғы ескертуім… – деп тергеу бастығы саусағын шошайтты.
Куәгерлер базасының кемдігі көңілін көншітпей, осы істі мойнына алғалы тергеу ісінің сүріне бергеніне налыса да, өзіне сенімді түрде сыртқа беттеді…
Капитан қала шетіндегі ең тыныш скверге келіп ұзақ отырды…
«Мәйіт табылған маңайдан марқұмның үйіне дейін небәрі үш жүз қадамдай ғана жер. Жұмысынан түнгі бір шамасында қайтқан. Компьютер клубынан шыққандардың айтуына қарағанда, олар мәйітті таңғы төрттер шамасында байқаған. Сонда осыған дейін кафенің бірінде отырды ма?..Кездейсоқ әлдекіммен ерегіскен жағдайда оны пышақтап кетті делік…Көп қан ақпаған. Сараптау қортындысында оның ішімдік ішпегенін, жарақат алған кезде көп қан сыртқа төгілгенін айтады…Бұл не жұмбақ?!.»
Күдікті
Жан қалтасында шиқылдап белгі берген пейджеріне көз салған: «Бөлімге соқ. Күдікті бар…».
Бұл келгенде «угро» ( қылмысты іздестіру қызметі.А.Ж.) жігіттері «кісі өліміне қатысы болуы бек мүмкін» деген өзбек «гастербайтерін» ұстап алыпты…
Азар да безер болғанымен шамалыдан соң жуасыған «қонақ» :
– Мен оның полицей екенін білмедім… Ақша аса қажет болды…Түнделетіп ізіне түсіп тонауды ойладым… Пышақ сұғып алған соң керегімді алып безіп отырдым,–деп қарап отыр. Жөпелдеме сұрақтар астына алған капитан Серікбаев оның жауаптарының күмәнді тұстарына терең мән берген. Оқиға «қай маңда болды?» дегеніне анау болса «спирт зауыты тұсында» деп мүлдем басқа жақты нұсқады… Расымен сол күні өзге ауданда қатарынан екі кісі өлімі орын алып, дәл аға лейтенанттың өліміндей пышақпен болған. Аудандары басқа… Тіпті нақақ кісі өлтірді десең де «гастербайтер» жауабы мұның болжамына мүлдем қайшы келіп отыр. Түн жарымына дейін тиянақты жауаптар ала алмай, Серікбаев үйіне көңілсіз оралған…
Түні бойы аунақшып, тыныға алмады. Таң сібірлеп ата бастағанда көз шырымын алғандай болған. Азанғы ас-суын жылдам ішіп, бөлімге асықты. Бастығымен бірге кезекті жоспар мен тапсырмаларды пысықтап алған соң, жұбайынан жауап алу үшін марқұм полицейдің үйіне бет түзеді.
Жас жесір
Ұзақ күттірмей есікті өзі ашқан Айжан көңілсіз бас шұлғып амандасты. Жалғызілікті әйелдің қара жамылып шаңырағында аза тұтуы қалыпты жәйт болса да, тергеуші Серікбаевқа тосын көрінген.
– Нұрлан кеткелі жұмысқа да зауқым жоқ… Мазам кетті… Сіңілім көңіліме демеу болып қасымда жүрмесе, «жынданып кететін шығармын» деп ойлағам… – деп мұңайды.
– Марқұм жолдасыңыздың жиі кешігуі қалыпты жағдай болса да, сіз оның іс-әрекетіне күмәнмен қарадыңыз ба? Айтыңызшы, ол спиртті ішімдікке әуес пе еді?..– деген тергеуші сауалына көзі жасаурап отырған әйел бірден жауап қатпады…
Бір қауым үнсіздіктен соң ол:
– Иә кейінгі кездері жиі ішімдікке бой алдырып келетінді шығарды. Тіпті дөрекі бола бастады. Кейінгі қылығы күмәнімді қоюлата түскені рас, – деп көзін терезеге қарай бұрып әкетті…
– Соңғы күні мен үйде болмай, Ынтымақтағы төркініме кеткен болатынмын…Ертеңгілік суық хабар құлағыма жетті… – деп солқылдап жылап жіберді…
Жас келіншектің қаяулы көңіліне сызат түсіріп алмадым ба деп тергеуші сасқалақтап қалды… Сәлден соң Серікбаев үнсіз орнынан тұрып, үш бөлмелі пәтер ішін шарлап кетті. Тірлігінде араласқан достары мен таныстары туралы сұрап көрген. Айжан білетіндері мен танитындары туралы аз-кем түсінік бергенімен, нақты күдік ұялатқан ешкім назарына іліге қоймады. Төргі бөлмеге кірген тергеушінің жанары ілулі тұрған суретке еріксіз түсті. Бақытты күндерінің куәсіндей болған жас жұбайлардың құшақтасып түскен фотосуреті оның назарын өзіне тарта берді. Бір қарағанда суретте тұрған ештеңе де жоқ… Қос ғашықтың риясыз күлкілері мен қаперсіз сәтін паш еткен фото төтеннен келген топалаң қырсықтың боларынан бейхабар күйде сақталған… Әлдебір нәрсеге күдігі ұлғайған тергеуші көзі суреттегі «бақытты жандардың» ар жағында ілулі тұрған бағалы қалы кілемнен ажырай алмады.
– Айжан, мұнда келіңізші… Мына суретке қашан түскен едіңіздер? Құпия болмаса қай жерде? – деп сұрады.
– Шамамен бес-алты ай бұрын… Руслан түсірген сурет еді…. Досы болатын..
– Қай жерде?.. – деп қайталап сұрады.
– Осы біздің жатын бөлмеде… – деді Айжан еш қаперсіз…
Бірақ жатын бөлменің қабырғасында суреттегі қалы кілем болмай шықты…
– Бұрынғы кілеміңізді неге алып тастадыңыз?..Қазір қайда?..
Төтесінен қойылған сұраққа жас келіншек ілкімді жауап таба алмай мүдіріп қалды…
Сәл үнсіздіктен соң:
– Екі ай бұрын жақын туысыма беріп жібердім… Әйтпесе жаңа кілем алатын түріміз жоқ…– деп бөлмеден шығуға ыңғай танытты.
– Шәй қояйын…Қара басып бағанадан бері есіме де алмаппын ғой…
– Қажеті жоқ, әуре болмаңыз…Шайды басқа күні ішерміз…Қиындық туғызбаса, ертең осы кілемді барып көрсете аласыз ба?..
Мазасызданып тұрғанын аңғартып алған Айжан:
– Мүмкін арғы күні барармыз…Ертең міндетті түрде жұмысыма баруым қажет еді … – деп қипақтады.
– Жақсы, қалауыңыз болсын…
– Айтпақшы күйеуіңіздің ет жақындары Оралда тұратынын білмеппін.. Олар Нұрланның жерлеуіне кешігіп келгенде бір-ақ білдім…
Ләм деместен ас үйге беттеген келіншектің соңынан тергеуші Серікбаев:
– Жарайды, Айжан. Мен кеттім – деп дауыстап, сыртқа бет түзеді.
«Мұнда бір шикілік бар тәрізді… » деп ой түйген капитан кеңсеге шұғыл аттанды…
шикілік
– Нысанды үркітіп алмау үшін «оперлар» (із кесушілер. А.Ж) жібер… Ол сені байқап қалса сезік алады. Дереу жоспар құр…
Бастығынан нұсқау алысымен көп бөгелмей, қылмысты іздеу бөліміне бас сұқты.
Сол күні капитан Серікбаев жедел-іс шараға жетекшілікті қолға алды. Күдік ұялатқан Айжанның үй телефоны байланысына тыңдауыш құрылғы орнатылып, жақын маңайға із кесушілер жіберілді. Түн жарымында Айжан әлдебір әйелмен телефон арқылы қысқа ғана сөйлесті. Қысқа тілдесулерінде маңызды ештеңе сөз болмады…Тек ертемен Айжан жаңа кілем сатып әкелуге қан базарға баратынын айтып қалды…
Таң алакеуімнен екі жас келіншек үй подьезінен асығыс шығып, дереу орталық көшеден такси тоқтатуға кірісті. Бақылауға мықтап іліккен екеудің соңынан ілбіп еріп отырған жедел топ көлігі олардың ізін ала қан базардың қақпасына келіп тірелді…
Кілем сататын сауда қатарын жағалай жүрген екеу көп ұзамай бағалы кілемдерге тоқталды… Олар көп саудаласпады. Тыңшылардың назарынан тыс қалмаған Айжан дәл Серікбаевтың күдігіне іліккен қалы кілемді сатып алып жатты…Қолға түсіруге ерте екенін ескерткен Серікбаев қандай мекен-жәйға баратынын соңына дейін бақылауды тапсырды. Із кесушілер ілесе отырып, қала сыртындағы Ынтымақ ауылынан бірақ шықты… Екі келіншек жеке үйдің біріне аялдап, қолдарындағы жаңа кілемді асығыс сол үйге тастап, көп ұзамай қайта шықты… Енді кешігудің реті жоқтығын бағамдаған Серікбаев дереу тұтқындауға бұйрық берді.
балгер
Бөтен адамдардың тап бергенінен шошынған әйелдер бар дауысымен шыңғырып жіберді. Үйден атып шыққан кесек денелі ер адам жағаласа бастағанымен, тасадағы полиция қызметкерлері оның жолын кесіп үлгерді. Кезекші жедел тергеу тобы келіп жеткенде, үй иелеріне қолдау көрсетпекші болған көршілері де жинала бастаған еді…
– Айжан Мұратқызы, сіз мына кілемді не үшін сатып алдыңыз?..-деген тергеушіге жауап беруден жалтарған келіншек:
– Ешбір жауабым жоқ….-деп жақ ашпады.
– Бұрынғы кілемді көрсетіңіз..-деген сауалға сазарып отырған Айжан:
– Өртеніп кеткен… деп міз бақпады.
– Телефон арқылы өзіңіз сөйлескен әйелдің үйіне баруға қалайсыз?-деген тергеушіге жалт қараған келіншектің өңі құп–қу болып кетті…
Олар мінген кезекші бөлім көлігі қала орталығындағы бес қабатты үйдің алдын келіп тоқтағанда қас қарая бастаған болатын….
Көп ұзамай аталған үйден сүйретіле шыққан егде жастағы балгер әйел қызметтік көлікке мініп жатты…Жедел тергеу тобы қызметкерлері әйелдің үйінен осыған дейін жуып-шайып, еденіне төсеп қойған қалы кілемді тәркілеп алды. Пәтер ішінде сарапшы арнайы ұнтақ көмегімен кілемге төгілген қан ізін де анықтап үлгерген болатын…
Сот
Қала халқы осы оқиғаны естігенде жағаларын ұстаған… Сот болатын күні көпшілігі қаніпезер әйелдердің жүзін көру үшін сот залына ертемен толып кетті.
Тергеушінің өндіріске жіберген материалымен мұқият танысқан айыптаушының :
– Айжан Мұратқызы, өз іс-әрекетіңізді толығымен мойындайсыз ба?-деген сұсты сауалына :
– Иә, мойындаймын…-деген ол төменнен көзін айырмады. Тор қамақтағы егде әйел болса:
– Менің кінәм жоқ… Өз қолымен өлтірді, өзі жауап берсін…-деп азар-безер болды.
Сот қатулы қабақпен:
– Сізге сөз берілген жоқ… Сізге қатысты сот үкімі өз күшінде қалдырылады…-дегенде балгер әйел басын қысып ұстап өкіріп қоя берді… Айжанның сіңлісі екі иығы селкілдеген күйі солқылдап жылап тұрды… Түнерген жұрт оларды ақтаудың еш негізі жоғын іштей ұғынып, үнсіз үкімді күтіп тұра берді….
Айжан есіне сап ете түскен әртүрлі жарнамалары бар газет бумаларына қол созды… Түнімен ұйқы көрмей, мазасы қашқан ол көз алдында бұлдыраған әріптер тізбесінен: «Өміріңді өзгертуге құштарсың ба?.. Онда маған хабарлас…Қол ұшын созам…» деген мәтінге ұзақ шүйлікті. Сана түкпірінде түртпектеген түрлі ой ақыры телефон трубкасына қол создырған…
Қала орталығындағы бес қабатты үй подьезіне келіп пәтер санын теріп, қоңырауын басқан. Пәтер алдында егделеу карташы –балгер әйел күтіп алып:
– Бейшара қыз-ау, көзіңнен нұр тая бастапты…Қатты жүдепсің… Еркек біткеннің бәрі қатігез ғой…–деп қара түс пен қызыл бояулы карталарын мұның алдына шашып жіберген…
Сәлден соң сұмдық бір суреттерді көз алдына елестеткен балгер:
Басыңды босат!…Бекерге өліп кетесің сорлы! Оның өзге қатыны бар. Баласы болады…Таро солай сөйлейді…-деген…
Бұрын да ауыр ойлар жанын жегідей жеп жүрген жас келіншекке мына тосын «хабар» алапат құйын дауылдай әсер етіп, есінен тандырған… Бетіне су бүркіп есін жиғызды… «Алтын да, ақша да сені құтқармайды…тек басыңды арашала…»- деген балгер әйел Айжанның қойын-қонышына суық қолын салып, барын үптеп үлгерген еді… Көптен бері көлденең табыссыз көңілі пәс болып жүрген қарташы миығынан күліп Айжанды көз ұшында ұзатып салды…
Өзінің қым-қуыт ойлары ырық берместен үйіне оралған Айжанның құлағынан балгер әйелдің: «Оның баласы бар…» деген сөздері кетпей қойды… Өткен жолы дәрігердің «жуықта сәбилі боласыңдар дей алмаймын…Екеуіңнің де жиі бақылауда болып, ем қабылдағандарың дұрыс…».-деген сөздері миына шаншудай қадала берген.
Келесі тәулікті ұйқысыз атырған ол екінші мәрте балгерге қоңырау шалған. Айжан күйеуінің кешігуі үдеп бара жатқанын айтып көмек сұрады. Зымыстан балгер «күйеуіңді қайтаруға күш салып көрейін…»-деп қарлыққан дауысымен тағы бір сұмдықтың шетін шығарған… Айжанның бар ақшасы мен бағалы бұйымын сыпырып алған соң, өзінің қара магия торлаған пәтеріне түн жамылып асығып бара жатты…
қызғаныш
Жаңа көтерілген шаңырағының уықтары сықырлап, шаңырағы шайқала бастаған Айжанды қызғаныш қылбұрауы қылқындыра берді… Аласапыран тіршіліктің кезекті бір күні Нұрланға бір тілім хат қалдырып, «туысыма кеттім…» деген желеумен балгердің үйіне келген …
Айжан шырғалаңға шым батты… Шынымен ойын он саққа бөлген сұмдық жәйтті жүзеге асырудан басқа жол таппаған…
Қарбаласқа толы қиын жұмыстан түн жарымында оралған Нұрланның енді оянбасы анық еді…Таро балгерінің үйінен келген Айжан пәтерді өз кілтімен ашып, ұйқыдағы күйеуінің жанына келіп ұзақ қарап тұрды… «Мен сені сүйем жаным!…Сені өзге біреуге бере алмаймын…!». Қолына іліккен қара қайшы маталар тілгенде ойнақшып тұратын…Енді оны шүберекке емес, сүйіктісінің жүрегіне бойлатуға ойы кетті…Нұрлан қайта оянбасын білгендей шалқасынан сұлық жатты. «Оның баласы бар…Сенен жасырады…Көзіңді құртады сенің…» Әр тараптан жамырасқан түрлі дауыстар жаңғырығып тұрып алды. Ол құлағын бітеп, басы ауған жаққа безгісі келген… Бірақ оңайлықпен орнынан қозғала алмады… Сол сезім осы өксік көз жанарына іркілген жас орнын қанталаған қанға толтырып жіберді… Екі қарыс қара қайшы жарының кеуде тұсына «кірш» ете қадалғанда есін жиып алғандай болған… «Аһ» деп тұра ұмтылған Нұрланды ғана көрді… Кері шегіне қашқан ол ас үйдің есігін жауап алды… Сәлден соң Нұрланның қорылы басылған сәтте есіктен үрке қарап, бойын билеген дірілді игере алмай, жатын бөлмеге қайта беттеген. Ол болса босағаға жетпей етпетінен сұлық жатты. Сасқалақтап жүріп балгер әйелге қоңырау шалды. «Ешкімге есік ашпа! Қазір жетем!»-деген кәрі әйел желге мініп жеткендей, он бес минуттан соң Айжанның қасында тұрды… Екеулеп жүріп еденнің қанын жуып, төрдегі кілемді шешіп алып мәйітті орап тастады..
Болар іс болды…
Бұрын-соңды қан көрмеген Айжан жылап-сықтап жүріп, жасаған қылмыс ізін көз жасымен қоса жуып-шаюға әрекеттеніп бақты… Екеулеп жүріп мәйітті жақын маңға дейін сүйрелеп апарып тастады. Оқиға орнынан үш жүз қадамдай зорға жылжыған олар ауыр жансыз денені сол жерде қалдырып, кілемді асығыс бүктеп алып тайып тұрды. Байқампаз балгер әйел Нұрланнан түсіп қалған қызметтік куәлігін қайтадан қан жұққан жейдесінің қалтасына сұға салды…
Балгер, жолай таксиге мініп кілемді үйіне алып жөнелді. Айжан болса, қанды пәтерге қайта оралуға қорқып, Ынтымаққа тартып кетті…
Балгердің азғыруымен сүйгенін жазықсыз жазғырумен шатылған Айжан өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмас күйде іштен тынып жүре берді…
Тормен қоршалған дуалдар ортасында үнсіз тұрған жас келіншектің жанарынан тарам-тарам жас тамшылары үздіксіз сорғалап тұрды…Қатал тағдыр үкіміне іштей мойынұсынғанымен, оңбай опық жеген оның жан дүниесін ешкім түсіне алмаған еді…
Шикілік
– Нысанды үркітіп алмау үшін «оперлар» (із кесушілер. А.Ж) жібер… Ол сені байқап қалса сезік алады. Дереу жоспар құр…
Бастығынан нұсқау алысымен көп бөгелмей, қылмысты іздеу бөліміне бас сұқты.
Сол күні капитан Серікбаев жедел іс-шараға жетекшілікті қолға алды. Күдік ұялатқан Айжанның үй телефоны байланысына тыңдауыш құрылғы орнатылып, жақын маңайға із кесушілер жіберілді. Түн жарымында Айжан әлдебір әйелмен телефон арқылы қысқа ғана сөйлесті. Қысқа тілдесулерінде маңызды ештеңе сөз болмады…Тек ертемен Айжан жаңа кілем сатып әкелуге қан базарға баратынын айтып қалды…
Таң алакеуімнен екі жас келіншек үй подъезінен асығыс шығып, дереу орталық көшеден такси тоқтатуға кірісті. Бақылауға мықтап іліккен екеудің соңынан ілбіп еріп отырған жедел топ көлігі олардың ізін ала қан базардың қақпасына келіп тірелді…
Кілем сататын сауда қатарын жағалай жүрген екеу көп ұзамай бағалы кілемдерге тоқталды… Олар көп саудаласпады. Тыңшылардың назарынан тыс қалмаған Айжан дәл Серікбаевтың күдігіне іліккен қалы кілемді сатып алып жатты…Қолға түсіруге ерте екенін ескерткен Серікбаев қандай мекенжайға баратынын соңына дейін бақылауды тапсырды. Із кесушілер ілесе отырып, қала сыртындағы Ынтымақ ауылынан бір-ақ шықты… Екі келіншек жеке үйдің біріне аялдап, қолдарындағы жаңа кілемді асығыс сол үйге тастап, көп ұзамай қайта шықты… Енді кешігудің реті жоқтығын бағамдаған Серікбаев дереу тұтқындауға бұйрық берді.
Балгер
Бөтен адамдардың тап бергенінен шошынған әйелдер бар дауысымен шыңғырып жіберді. Үйден атып шыққан кесек денелі ер адам жағаласа бастағанымен, тасадағы полиция қызметкерлері оның жолын кесіп үлгерді. Кезекші жедел тергеу тобы келіп жеткенде, үй иелеріне қолдау көрсетпекші болған көршілері де жинала бастаған еді…
– Айжан Мұратқызы, сіз мына кілемді не үшін сатып алдыңыз?.. – деген тергеушіге жауап беруден жалтарған келіншек:
– Ешбір жауабым жоқ…. – деп жақ ашпады.
– Бұрынғы кілемді көрсетіңіз.. – деген сауалға сазарып отырған Айжан:
– Өртеніп кеткен… деп міз бақпады.
– Телефон арқылы өзіңіз сөйлескен әйелдің үйіне баруға қалайсыз? – деген тергеушіге жалт қараған келіншектің өңі құп-қу болып кетті…
Олар мінген кезекші бөлім көлігі қала орталығындағы бесқабатты үйдің алдына келіп тоқтағанда қас қарая бастаған болатын….
Көп ұзамай аталған үйден сүйретіле шыққан егде жастағы балгер әйел қызметтік көлікке мініп жатты…Жедел тергеу тобы қызметкерлері әйелдің үйінен осыған дейін жуып-шайып, еденіне төсеп қойған қалы кілемді тәркілеп алды. Пәтер ішінде сарапшы арнайы ұнтақ көмегімен кілемге төгілген қан ізін де анықтап үлгерген болатын…
Сот
Қала халқы осы оқиғаны естігенде жағаларын ұстаған… Сот болатын күні көпшілігі қаніпезер әйелдердің жүзін көру үшін сот залына ертемен толып кетті.
Тергеушінің өндіріске жіберген материалымен мұқият танысқан айыптаушының
– Айжан Мұратқызы, өз іс-әрекетіңізді толығымен мойындайсыз ба? – деген сұсты сауалына :
– Иә, мойындаймын… – деген ол төменнен көзін айырмады. Тор қамақтағы егде әйел болса:
– Менің кінәм жоқ… Өз қолымен өлтірді, өзі жауап берсін… – деп азар-безер болды.
Сот қатулы қабақпен:
– Сізге сөз берілген жоқ… Сізге қатысты сот үкімі өз күшінде қалдырылады…–дегенде балгер әйел басын қысып ұстап өкіріп қоя берді… Айжанның сіңлісі екі иығы селкілдеген күйі солқылдап жылап тұрды… Түнерген жұрт оларды ақтаудың еш негізі жоғын іштей ұғынып, үнсіз үкімді күтіп тұра берді….
Айжан есіне сап ете түскен әртүрлі жарнамалары бар газет бумаларына қол созды… Түнімен ұйқы көрмей, мазасы қашқан ол көз алдында бұлдыраған әріптер тізбесінен: «Өміріңді өзгертуге құштарсың ба?.. Онда маған хабарлас…Қол ұшын созам…» деген мәтінге ұзақ шүйлікті. Сана түкпірінде түртпектеген түрлі ой ақыры телефон тұтқасына қол создырған…
Қала орталығындағы бесқабатты үй подъезіне келіп пәтер санын теріп, қоңырауын басқан. Пәтер алдында егделеу карташы-балгер әйел күтіп алып:
– Бейшара қыз-ау, көзіңнен нұр тая бастапты…Қатты жүдепсің… Еркек біткеннің бәрі қатыгез ғой…– деп қара түс пен қызыл бояулы карталарын мұның алдына шашып жіберген…
Сәлден соң сұмдық бір суреттерді көз алдына елестеткен балгер:
Басыңды босат!…Бекерге өліп кетесің сорлы! Оның өзге қатыны бар. Баласы болады…Таро солай сөйлейді… – деген…
Бұрын да ауыр ойлар жанын жегідей жеп жүрген жас келіншекке мына тосын «хабар» алапат құйын дауылдай әсер етіп, есінен тандырған… Бетіне су бүркіп есін жиғызды… «Алтын да, ақша да сені құтқармайды…тек басыңды арашала…» – деген балгер әйел Айжанның қойын-қонышына суық қолын салып, барын үптеп үлгерген еді… Көптен бері көлденең табыссыз көңілі пәс болып жүрген қарташы миығынан күліп Айжанды көз ұшында ұзатып салды…
Өзінің қым-қуыт ойлары ырық берместен үйіне оралған Айжанның құлағынан балгер әйелдің: «Оның баласы бар…» деген сөздері кетпей қойды… Өткен жолы дәрігердің «жуықта сәбилі боласыңдар дей алмаймын…Екеуіңнің де жиі бақылауда болып, ем қабылдағандарың дұрыс…». – деген сөздері миына шаншудай қадала берген.
Келесі тәулікті ұйқысыз атырған ол екінші мәрте балгерге қоңырау шалған. Айжан күйеуінің кешігуі үдеп бара жатқанын айтып көмек сұрады. Зымыстан балгер «күйеуіңді қайтаруға күш салып көрейін…» – деп қарлыққан даусымен тағы бір сұмдықтың шетін шығарған… Айжанның бар ақшасы мен бағалы бұйымын сыпырып алған соң, өзінің қара магия торлаған пәтеріне түн жамылып асығып бара жатты…
Қызғаныш
Жаңа көтерілген шаңырағының уықтары сықырлап, шаңырағы шайқала бастаған Айжанды қызғаныш қылбұрауы қылғындыра берді… Аласапыран тіршіліктің кезекті бір күні Нұрланға бір тілім хат қалдырып, «туысыма кеттім…» деген желеумен балгердің үйіне келген …
Айжан шырғалаңға шым батты… Шынымен ойын он саққа бөлген сұмдық жәйтті жүзеге асырудан басқа жол таппаған…
Қарбаласқа толы қиын жұмыстан түн жарымында оралған Нұрланның енді оянбасы анық еді…Таро балгерінің үйінен келген Айжан пәтерді өз кілтімен ашып, ұйқыдағы күйеуінің жанына келіп ұзақ қарап тұрды… «Мен сені сүйем жаным!…Сені өзге біреуге бере алмаймын…!». Қолына іліккен қара қайшы маталар тілгенде ойнақшып тұратын…Енді оны шүберекке емес, сүйіктісінің жүрегіне бойлатуға ойы кетті…Нұрлан қайта оянбасын білгендей шалқасынан сұлық жатты. «Оның баласы бар…Сенен жасырады…Көзіңді құртады сенің…» Әр тараптан жамырасқан түрлі дауыстар жаңғырығып тұрып алды. Ол құлағын бітеп, басы ауған жаққа безгісі келген… Бірақ оңайлықпен орнынан қозғала алмады… Сол сезім осы өксік көз жанарына іркілген жас орнын қанталаған қанға толтырып жіберді… Екі қарыс қара қайшы жарының кеуде тұсына «кірш» ете қадалғанда есін жиып алғандай болған… «Аһ» деп тұра ұмтылған Нұрланды ғана көрді… Кері шегіне қашқан ол ас үйдің есігін жауап алды… Сәлден соң Нұрланның қорылы басылған сәтте есіктен үрке қарап, бойын билеген дірілді игере алмай, жатын бөлмеге қайта беттеген. Ол болса босағаға жетпей етпетінен сұлық жатты. Сасқалақтап жүріп балгер әйелге қоңырау шалды. «Ешкімге есік ашпа! Қазір жетем!» – деген кәрі әйел желге мініп жеткендей, он бес минуттан соң Айжанның қасында тұрды… Екеулеп жүріп еденнің қанын жуып, төрдегі кілемді шешіп алып мәйітті орап тастады..
Болар іс болды…
Бұрын-соңды қан көрмеген Айжан жылап-сықтап жүріп, жасаған қылмыс ізін көз жасымен қоса жуып-шаюға әрекеттеніп бақты… Екеулеп жүріп мәйітті жақын маңға дейін сүйрелеп апарып тастады. Оқиға орнынан үш жүз қадамдай зорға жылжыған олар ауыр жансыз денені сол жерде қалдырып, кілемді асығыс бүктеп алып тайып тұрды. Байқампаз балгер әйел Нұрланнан түсіп қалған қызметтік куәлігін қайтадан қан жұққан жейдесінің қалтасына сұға салды…
Балгер, жолай таксиге мініп кілемді үйіне алып жөнелді. Айжан болса, қанды пәтерге қайта оралуға қорқып, Ынтымаққа тартып кетті…
Балгердің азғыруымен сүйгенін жазықсыз жазғырумен шатылған Айжан өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмас күйде іштен тынып жүре берді…
Тормен қоршалған дуалдар ортасында үнсіз тұрған жас келіншектің жанарынан тарам-тарам жас тамшылары үздіксіз сорғалап тұрды…Қатал тағдыр үкіміне іштей мойынұсынғанымен, оңбай опық жеген оның жан дүниесін ешкім түсіне алмаған еді…
Арман ЖУСАНБАЙ,
журналист, ІІО отставкадағы подполковнигі