«Азаматтарға арналған үкімет» жеке куәліктерді дер кезінде ауыстыру қажеттігін ескертеді

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарға құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуын күтпей-ақ, жеке куәлікті ертерек ауыстыруға кеңес береді.


            Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, ХҚО-ға құжаттарының мерзімі өтіп кеткен клиенттер жиі жүгінеді. Ал ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз бір айдан астам жүруі 7 АЕК мөлшерінде айыппұлдың салынуына әкеп соғады.


            «Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады», — деп нақтылап өтті Сүйеніш Әбділдин.
             Сондай-ақ спикер жеке куәлік қазақстандықтарға 16 жастан бастап берілетінін атап өтті. Алғашқы құжатты алу үшін жасөспірім ата-анасының бірімен ХҚО-ға жүгінуі керек. Өтініш беру үшін туу туралы куәлік, төлқұжат (бар болса) және мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек тапсыру қажет. 

Туу туралы куәлікте тегін немесе атын өзгерткен, некеге тұруға/бұзуға байланысты тегін өзгерткендер де бір ай ішінде құжатын жаңартуы тиіс. Айта кетейік, жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу қызметін ХҚО-да отыратын көші-қон полициясының қызметкерлері ұсынады.              
             Анықтама:
             Паспорт мерзімі өткен жағдайда айыппұл қарастырылмаған. Ол шетелге шығу үшін пайдаланылатын құжат. Төлқұжат алу үшін кез келген ХҚО-ға жүгінуге болады. Мемлекеттік баж мөлшері – 8 АЕК. 2021 жылы ХҚО-ларда жеке басты куәландыратын 2,4 млн құжат берілсе, бір ғана Түркістан облысы бойынша 21 мыңнан астам құжат берілген.

Қосымша ақпарат үшін:

Амантай Егембердиев,«Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Түркістан облысы бойынша филиалының
ресми өкілі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...