12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

G7 елдері ресейлік газ бен мұнайды рубльмен сатып алудан бас тартты

G7 елдері (Германия, Франция, Италия, Жапония, Канада, АҚШ және Ұлыбритания) ресейлік газ бен мұнайға рубльмен төлем жасамайды. Бұл туралы 28 наурызда G7 өкілдерінің кездесуінен кейін Германияның энергетика министрі Роберт Хабек мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle және Euronews арналарына сілтеме жасап.

G7 министрлері Ресейдің талабын «біржақты және қолданыстағы келісімдерді анық бұзады» деп қабылдамауды шешкен.

«G7 министрлері бұл біржақты және қолданыстағы келісімшарттарды анық бұзу болатынын бірауыздан қабылдады. Олар жасалған келісімшарттардың жарамды екенін және компаниялар өз келісімшартына адал болуы керек екенін қайталайды. Рубльмен төлеу қабылданбайды және зардап шеккен компанияларды Путиннің талабын орындамауға шақырамыз», — деді Хабек.

Ресейдің бойкот жариялауы мүмкін деген сұраққа Германияның энергетика министрі: «Біз кез келген сценарийге дайынбыз» деп жауап берді. Бұл ретте Хабек Мәскеуді «сенімсіз жеткізуші» деп атады.

Германия канцлері Олаф Шольц та Ресейді энергиямен қамтамасыз ету келісімдерін сақтауға шақырды. Үкімет 2017 жылдың қазанында қабылданған апатты газбен қамтамасыз ету жоспарын іске асыру керек пе деген сұраққа Шольц «біз келісімшарттар орындалуы керек жағдайда тұрмыз» деп жауап берді. Бұл ретте ол Ресеймен жасалған келісімдерде энергия тасымалдаушыларға төлемді доллар және еуромен төлеу қарастырылғанын еске салды. Канцлер Германия мүмкіндігінше, тезірек Ресей энергиясынан тәуелсіздік алуға ұмтылып жатқанын айтты.

23 наурызда Ресей президенті Владимир Путин ресейлік тарап мұнай мен газға «достастық жоқ» елдерден (бұл тізімде 46 мемлекет, оның ішінде 27 Еуроодақ мүшесі бар) төлемдерді рубльмен қабылдайтынын мәлімдеді. Кремльде бұйрықтың орындалуы туралы бірінші есеп 31 наурызда болады деп күтіледі.

Егер Еуропа рубльмен төлеуден бас тартса, Мәскеудің әрекеті қандай болады деген сұраққа Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков былай деп жауап берді: «Газды тегін бермейміз, бұл анық».

Президентіміз айтқанындай Пробация қызметін күшейту – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа...

Пробациядағы қолдау – қоғамға қайтар жол

Қазақстанда пробация есебінде тұрған және жазасы кейінге қалдырылған адамдарға...

Мост к зеленому будущему

В столице Казахстана стартовала работа первого экохаба, который обещает...

Татуластыру рәсімдері

Қоғамдық өмірде адамдар арасында түрлі дау-жанжалдар, түсінбеушіліктер мен қайшылықтарды...