Теңгенің нығаюы жалғасуда

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,24 теңгеге төмендеп, 494,03 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,29 теңгеге төмендеп, 5,19 теңгені құрады. Ал қытай юанінің бағамы 0,84 теңгеге төмендеп, 78,50 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 492-496 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 541-549 теңгеге өсті. Рубль – 5-5,8 теңгеге тең.

Ал 25 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 0,12%-ға төмендеп, барреліне 112,18 долларды құрады.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсінің құны 0,02%-ға өсіп, барреліне 119,05 долларды құрады.

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес...