Депутаттар Қапшағайға Қонаевтың атын беруді қолдады

Қапшағайлық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атау ұсынылған. Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныстар түскен.

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданған.

Электрондық дәлелдемелерді сотта қолданудың маңызы зор

Цифрландыру процесі барлық салада, оның ішінде сот құрылымында да...

Сталкинг үшін жауаптылық қарастырылған

Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Ешкімнің біреудің жеке...