12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Импортқа тәуелділік жойылар күн жақын

Азық-түлік тауарларының негізгі 29 түрі бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі былтыр 80 пайыздан асты. Оны Үкімет басшысы ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты депутаттық сауалына берген жауабында мәлімдеді. Онда алма, құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және балық сияқты жекелеген тауарлар бойынша импортқа тәуелділік алдағы бес жылда жойылатыны айтылған. ҚР Үкіметі оны қалай жүзеге асырмақ?
– ҚР Агроөнеркәсіп саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының негізгі міндеттерінің бірі отандық азық-түлік тауарларымен кемінде 80% (құс етімен 100%, шұжық өнімдерімен 100%, ірімшік және сүзбемен 100%, алмамен 100%, балықпен 100% және қантпен 80%) деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін өсімдік шаруашылығын әртараптандыру қамтамасыз етіледі. Ауыспалы егісті сақтау және жерді ұтымды пайдалану, қарқынды мал шаруашылығына көшу, сондай-ақ АӨК-нің басым бағыттары бойынша (ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді және майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу) 7 экожүйені қалыптастыру есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде тереңдете қайта өңдеу саласы дамитын болады. Бес жыл ішінде 4,5 трлн теңге сомаға 934 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы қуаты 541,5 мың тонна шикі сүт болатын 170 тауарлық сүт фермасы, 100 мың тонна ет өнімі болатын 14 ет комбинаты, 285 мың тонна құс еті болатын 26 құс фабрикасы іске қосылады. Сондай-ақ 6,6 мың га алаңда қарқынды бақтар отырғызылып, 1 қант зауытын салу көзделіп отыр, – дейді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.
Оның сөзіне қарағанда, былтыр қант өндірісі 1,9 есе (147,5 мың тоннадан 276,9 мың тоннаға дейін), өңделген күріш өндірісі 7,5% (196 мың тоннадан 210,7 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері 5,1% (226,5 мың тоннадан 238,2 мың тоннаға дейін), сары май 3% (26,4 мың тоннадан 27,2 мың тоннаға дейін), маргарин 4,1% (63мың тоннадан 65,6 мың тоннаға дейін) өсті. Сондай-ақ қой етінде 1,7% (172,4 мың тоннадан 175,5 мың тоннаға дейін), сиыр етінде 3,7% (521,4 мың тоннадан 540,8 мың тоннаға дейін), жылқы етінде 5,8% (142,9 мың тоннадан 151,3 мың тоннаға дейін), құс етінде 20% (235,3 мың тоннадан 282,3 мың тоннаға дейін) және балықта 13,8% (35,4 мың тоннадан 40,3 мың тоннаға дейін) өсім тіркелді.
Дерек пен дәйек – болжамның негізгі дәлелі емес. Алайда ҚР Үкіметінің халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған бағыттағы ізденістері көңілге сенім ұялатады. Осы тұрғыда іс пен сөздің үндесуінен үміт зор.

Ерлік КЕБЕКБАЙ,
«Заң газеті»

Дипломатия больших проектов 

В МОСКВЕ ЗАВЕРШИЛСЯ ОФИЦИАЛЬНЫЙ ВИЗИТ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА, ПО ИТОГАМ КОТОРОГО ЛИДЕРЫ КАЗАХСТАНА И РОССИИ ПОДПИСАЛИ ДЕКЛАРАЦИЮ О ПЕРЕХОДЕ ДВУСТОРОННИХ ОТНОШЕНИЙ НА УРОВЕНЬ ВСЕОБЪЕМЛЮЩЕГО СТРАТЕГИЧЕСКОГО ПАРТНЕРСТВА И СОЮЗНИЧЕСТВА. В ХОДЕ ПЕРЕГОВОРОВ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ ЭКОНОМИКИ, ТРАНСПОРТА, ЭНЕРГЕТИКИ, ГУМАНИТАРНОЙ СФЕРЫ И ВЫСОКИХ ТЕХНОЛОГИЙ, ЗАКРЕПИВ ДЕСЯТКИ КОНКРЕТНЫХ ИНИЦИАТИВ, ПРИЗВАННЫХ РАСШИРИТЬ СОТРУДНИЧЕСТВО И УКРЕПИТЬ СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЕРСТВО НА ДОЛГОСРОЧНУЮ ПЕРСПЕКТИВУ.

Жол ережесі: енді ескертуді елемей жолға шыққандар айыппұл төлейді

Келер жылдан бастап жол жабылған кезде ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері 129 мың теңгеге дейін өседі.

Қазақстандағы орташа зейнетақы 140 мың теңге: зейнеткерлерге өмір сүруге жете ме?

Қазақстандағы орташа зейнетақы қазіргі уақытта шамамен 140 мың теңге деңгейінде. Бір қарағанда, бұл сома көңілге қонымды көрінеді – шамамен күнкөріс минимумы деңгейінен үш есе жоғары. Алайда тәжірибеде бұл қаражат негізгі шығындарды толық қамтуға жетпейді, ал нақты төлемдер жинақтық бөлігі мен мемлекеттік қолдауға байланысты болады.

ЖИ жұмыс орындарын қысқарта ма? Қазақстан мәселені қалай шешпек

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Анас Баққожаев Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне жасанды интеллект енгізілген компанияларда қызметкерлер санын қысқартуға байланысты салық салу және әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша сұрақ қойды.

Азық-түлік дүкені бар кәсіпкерлерге салық пайызы төмендеді

Енді Алматыда дүкені бар мыңдаған кәсіпкердің салығы төмендейді.