12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қой жүнін кәдеге жарата алмай отырмыз

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақ­стан» бағдарламасын жандандыруға шындап ден қойыла бастады. Түрлі жиындарда жиі айтылғанымен, ешкім одан нәтиже шығара алмай жүрген қой жүнін өңдеу мәселесін жақында сенаторлар қайта қозғап, Премьер-Министр Әлихан Асханұлының атына депутаттық сауал жолдады.
М.Жұмағазиев бастап, Р.Әбдікеров, Ә.Бектаев, Д.Мусин, Ә.Нұралиев, С.Дүйсембинов, О.Булавкина қостаған сенаторлардың ұсынысы: бірінші, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау бағдарламаларына тері мен жүнді терең өңдеу бойынша жобаларды енгізу жөніндегі өкілеттіктерді беру. Екінші, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының №10 «Тері мен жүнді бастапқы өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды құру және кеңейту» жобасының паспортына тері мен жүнді терең өңдеу жөніндегі өндірістерді құру және кеңейту бойынша жобаларды субсидиялау мүмкіндіктерін енгізу бөлігінде; жаңа шағын және орташа қуатты өндірістердің ашылуын және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және жаңғыртуды ынталандыру мақсатында инвестициялық салымдарды өтеу үлесін ұлғайту және өндірістік қуаттардың ең төменгі деңгейі бойынша талаптарды төмендету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Үшінші, қой шаруашылықтарынан және тұрғындардан жүн сатып алудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру мақсатында елдің барлық өңірлерінде тері мен жүнді қабылдау жөніндегі сервистік-дайындау пункттерін құру туралы мәселелерді қарастыру.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, былтыр елімізде 40,4 мың тонна қой жүні өндірілді, бұл 2020 жылға қарағанда 2,7%-ға жоғары. Алайда оның 10,7 мың тоннасы немесе 26,5%-ы өңдеуге жіберіліп, 3027,3 мың долларына бағаланған 6,8 тоннасы шетелге шығарылды. Оны негізінен Қытай, Ресей, Моңғолия сатып алған. Ал қалған 73,5% өңделмей қалып қойды. Өйткені, қой өсіретін 4 мыңға жуық өндіруші болғанымен, жүн өңдейтін өндіріс орындарының саны – 13. Оның төртеуінің ғана биязы жүнді қайта өңдеуге мүмкіндігі бар. Қалған кәсіпорындар – киізден және қылшықты жүннен басып жасалған аяқ киім шығаратын фабрикалар. Яғни, Қазақстанда жүннің терең өңделуі іс жүзінде тек киіз басу өндірісімен шектеледі. Былтыр сұраныстың жоқтығынан жүн өңдейтін 13 кәсіпорынның алтауы жұмыс істеген жоқ, ал өзгелері өндірістік қуатының 29,7 пайызын ғана қолдануда.
Жалпы, елімізде қой жүнінің 56 пайызы жеке қосалқы шаруа­шылықтарда, 40 пайызы шаруа және фермер қожалықтарында, тек 4 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндіріледі. Өндірілген өнімнің 70 пайызы қылшықты және жартылай қылшықты, 30 пайызы биязы және жартылай биязы жүн. Бұған жүнге деген сұраныстың аздығы түрткі болып отыр. Әйтсе де, Қазақстанға тоқыма өнеркәсібінің 90 пайызға дейінгі өнімі импортталады. Бұл – негізінен жүнді терең өңдеуден кейін жасалған өнімдер, атап айтқанда, қосылған құны жоғары дайын өнімдер, иірілген жіптер, маталар, кілем бұйымдары.
«Қазақстанда қой жүні де мұнай тәрізді экспортталатын бағытты құраған болар еді. Мысалы, Аустралия әлемдік нарыққа жүннің 1 килограмын 18 АҚШ долларына өткізеді. Міне, ондаған жылдар бойы бұл ел бүкіләлемдік жүн көлемінің шамамен 25%-ын өндіреді, жыл сайын сол елде 3 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға өнім шығарылады. Отандық алыпсатарлар биязы қой жүнінің бір килограмын 100-150 теңгеден қабылдайды. Осындай бағамен шаруаларға жүн тапсыру тиімсіз. Қой қырқу кезінде ол жұмыскерді жалдау үшін қойдың бір басына шамамен 300-500 теңгеге дейін жұмсайды, содан кейін өткізу жолдарын іздестірумен болады, ал соңында жүнді өртеп жібереді», – дейді Мұхтар Жұмағазиев. Оның айтуынша, қойдың жүні – көнеден келе жатқан жылытқыш, ерекше микроқұрылымының арқасында тамаша табиғи балама минералды талшық, ауа өткізгіш, суыққа да, ыстыққа да төзімді. Жоғары энергетикалық шығындарды талап етпейтін, өзіндік құны төмен экологиялық шикізат. Құрылыс материал ретінде тек қана ішкі нарықта емес, шет елдерде де сұранысы бар өнімдердің бірі. Жүнді қайта өңдейтін кәсіпорындарды аумақтар бойынша бөлуге, қылшықты жүнді терең өңдеу және одан мүлдем жаңа тауарларды өнеркәсіптің барлық салаларында іс жүзінде пайдаланылатын, қосылған құны жоғары тоқыма емес материалдарды өндіру жөніндегі жаңа технологиялық өндірістерді салуға деген тәсілдерді мүлдем қайта құру қажет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...