Сотталғандарды жұмысқа орналастыру

Пробация қызметінің қызметкерлері алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі есепке алынған адамдарды жұмысқа орналастыру болып табылады, осыған байланысты Петропавл қ. пробация қызметі бөлімімен халықты жұмыспен қамту орталығымен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Жұмыссыз есепке алынған адамдарға бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу тәртібі мен жеке кәсіпкерлікті ашу және іске асыру шарттары туралы мәліметтер тұрақты негізде өткізілетін кездесулер барысында ұсынылады. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығы Петропавл қ. пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, есепке алынған адамдарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде, оқу аяқталғаннан кейін одан әрі жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады.

Аталған іс-шаралар кешені сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осылайша, жұмысқа орналасу оларға өмірге деген көзқарастарын қайта қарауға, түзету жолына түсуге және нәтижесінде қоғамға лайықты тұлға болып оралуға мүмкіндік береді.

Исполнитель:
Инспектор ОСП г.Петропавловска
майор юстиции Алимжанова Ж.Г.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...