12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоғамдық жұмыстар

Қоғамдық жұмыстар жаза түрі ретінде жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады, олардың түрін жергілікті органдар айқындайды, әдетте, тұрмыстық қалдықтарды жинау, аумақтарды қардан, қоқыстан, мұздан тазарту, ағаштарды кесу, ақтау және басқалар жатады.

Қоғамдық жұмыстар — бұл кез-келген жазаның басты мақсатын-құқық бұзушыны қоғамға пайдалы және бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал ететін қоғамдық пайдалы еңбекпен түзетуге мүмкіндік беретін құқықтық институт.  

2022 жылдың басынан СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының пробация қызметі бөліміне аудандық сотпен сотталған 1 адам есепке қойылды. «Д» азаматы ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды.

Осылайша, сот үкіміне сәйкес, сотталған адам Тайынша ауданының Чкалово ауылындағы жергілікті атқарушы органдар анықтаған орындарға күн сайын (күніне 4 сағаттан артық емес ) қоғамдық жұмыстарды өтеуге шығады, сотталғандар Чкалово ауылындағы Акиматқа жіберіледі. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын,белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

Сотталған:
1) осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауға міндетті;
 2) Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын жұмыстарды орындауға міндетті;
3) пробация қызметіне тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарлауға міндетті;
4) айына бір рет пробация қызметіне тіркелу және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келуге міндетті.


Бүгінгі таңда ол қоғамдық жұмыстарды атқарып, есептен шығарылды. Сотталғандар өз кінәсін түсініп, түзету жолына нық тұрды.

СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының ПҚБ инспекторы
әділет капитаны Ахмедьярова А.О.

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...