ІСБ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» ҚММ СҚО әкімдігі СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация бөлімімен тығыз өзара іс-қимылды қолдайды

Мәселен, 2022 жылғы 18 ақпанда пробациялық бақылауда болған сотталғандармен ҚР діни заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік тақырыбында ақпараттық-тұсіндіру іс-шарасы өткізіліп, нақты мысалдар келтірілді. СҚО және Петропавл қаласы бойынша орын алды.

Сондай-ақ, осы іс-шара аясында дәріскер, психолог Т. С. Оразов қатысушыларға деструктивті діни ағымдарға адамдарды тартудың негізгі себептерінің бірі, діннің ерекшелектері мен догмаларын қрапайым түрде білмеу болып табылатынын айтты.
Әңгіме мазмұнды және жемісті болды, өйткені тыңдаушылар жәй тыңдап қана қоймай, сұрақтар қойды.

Бұл жерде мұндай ақпараттық – профилактикалық жұмыс құрамына пробациялық бақылаудағы сотталғандар кіретін «тар мақсатты» топтармен жұмыс шеңберінде жүргізілетінін айта кеткен жөн.

СҚО бойынша ҚАЖД
Петропавл қ. ПҚБ
Аға инспекторы
әділет капитаны Ибраев Б. К.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...