12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білікті маманның кеңесі
қашанда бағалы

«Заң газетінің» 2022 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьялары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірсерік Қожабаевтың берген «Жауаптылық жоқ жерде экономикалық контрабанда көбейеді» сұхбатын бір деммен оқып шықтым.
Сұхбатта бүгінгі күннің өзекті мәселелері ашық талқыланып, сұрақтарға ащы да болса шынайы жауаптар берілген. Атап айтқанда, экономикалық қылмыстар, жалған мәмілелер, мемлекеттік қызметтегі білікті кадрлар тапшылығы, заңнамаларды ізгілендіру, жекешелендіру мәселелері жан-жақты көтерілген.
Сұхбаттағы «Жаман заңдармен және жақсы шенеуніктермен ел басқаруға болады. Ал шенеуніктер жаман болса, ең жақсы деген заңдардың өзі көмектесе алмайды» деген пікір адамға үлкен ой саларлық. Сұхбат беруші «қазіргідей сыбайластық пен жемқорлық дендеген кезеңде экономикалық қылмысты анықтап, оларды тергеуде әділдік пен бейтараптық таныту оңай емес» деп, жедел тергеу жұмысының нәтижелі болмауы елді дүрбелеңге алып келетінін атап өткен. Мұнай-газ, азық-түлік өнімін сату нарығы бақылаусыз қалып, салдарынан қымбатшылық туындап, халық тұрмысының төмендеуіне әсер еткенін еліміз үшін маңызы бар стратегиялық мекемелердің сауатсыз жекешендірілуімен байланыстырғаны да өте орынды. Осындай жүйесіз жұмыстан кешегі қаңтар қақтығысы орын алғаны шындық.

Алайда, осы қаңтар оқиғасы елімізге түбегейлі реформаларды қайта алып келіп, оң өзгерістердің орын алғаны да жасырын емес. Кінәлілердің жазаға тартылып жатқанын көріп отырмыз.
Ол үшін мемлекет ең алдымен елімізді шығынға ұшырататын қажетсіз жобалардан құтылып, стратегиялық маңызы бар өндірісті қалдыру, бәсекелестікті қорғауға құзырлы органның жұмысын жүйелендіру қажеттігіне толықтай қосыламын.
Тілшінің осы аталған мәселелер мамандардың әлсіздігіне, білікті кадрларды таңдауға көңіл бөлмеудің кесірінен орын алатындай көрінеді деген екіұдай пікірі де орынды. Бұл сауалға Өмірсерік Қожабаев нақты мемлекеттік қызметке үміткерлерді таңдау ашық жүргізілетіні, әр азамат үшін қолжетімді екені, алайда ең үздік, талантты, кәсіби маманды табу міндеті толық шешімін таппай тұрғанын айтқан. Шындығында, мәселенің барлығы білікті кадрлардың тиісті салаларда жұмыс атқармауы салдарынан туындайтыны анық.
Сондай-ақ, сұхбатта Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процестік кодекстің кемшін тұстарын ашып көрсеткен. Мысал ретінде тергеу мен сотты әуре-сарсаңға салған қолданыстағы қылмыстық процестің аясындағы кемшіліктерге тоқталған. Иә, ақиқатында соңғы уақытта заңдардың жиі өзгертіліп, толықтырылуына көзіміз үйренді. Бірақ заман ағымына орай, заңнамалардың ізгілендірілуі құптарлық.
Жалпы, көптеген мәселелердің нақты жауаптарын ұсынған сұхбатты оқып шығуға кеңес беремін. «Заң газетінің» Өмірсерік Қожабаев секілді білікті, ардагер судьяларға төрінен орын бергеніне, салиқалы сұхбат ұйымдастырғанына ризашылығымды білдіремі. Игі ісі алдағы уақытта да жалғасын тапса деймін.

Жанат Исаева,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті,
заң ғылымдарының кандидаты

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Поддерживая демократические процессы

В Санкт-Петербурге прошло 57 пленарное заседание Межпарламентской Ассамблеи СНГ,...

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...