Пробация есебіндегі азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

Қармақшы аудандық пробация есебіне алынған А есемді азамат бөтеннің мүлкін жымқыру ниетімен танысының үйінен жасырын ақша ұрлаған.

Оған сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жазасын өтеу үшін Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіне алынған.

Сотталған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты Рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жазасының өтелмеген мерзімінің үштен бір бөлігі, яғни 6 (алты) ай 2 (екі) күн мерзімі қысқартылған.

Сотталған жаза өтеу барысында өзіне сот тағайындаған жазаның белгілі мөлшерін өтеуіне байланысты ҚР ҚК-нің 72-бабына сәйкес сот органына өзін жазасынан шартты түрді мерзімінен бұрын босату үшін өтініш жолданып, өтініш Қармақшы аудандық сотымен «WhatsАpp» мобильді қосымшасы арқылы қаралды.

Сот отырысында судья сотталған жаза өтеу барысында белгіленген тәртіп бұзбағандығын, сот шығындарын толық өтегендігін, пробация қызметімен жақсы мінезделіп, ұйымдастырылған спорттық, мәдени іс-шаралармен түрлі кездесулерге қатысып, пробация қызметімен қойылған талаптарды бұзбай, өзінің түзу жолға түскендігіне сеніп, сотталғанның өтінішін қанағаттандырып, оны жазасынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.

Бақыт Оразалиев
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің инспекторы

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...