Жазасын өтеушілер жолдаумен танысты

Бүгін ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары арасында ақпараттық сағат өтті.

Онда мекеме бастығының орынбасары , әділет майоры Қ.Олжабаев жазасын өтеушілерге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деген жолдауын қысқаша түсіндіріп, негізгі бағыттарына шолу жасады.

  • Елді есеңгіретіп кеткен қаңтар оқиғасынан кейінгі президенттің кезекті жолдауы халыққа тың серпін берді. Жолдау он бағыттан тұрады. Оның ішінде, тікелей қылмыстық атқару жүйесіне қатысты Конститутутциялық сот құру мәселесі турасында айтылды.

Бұл бастама әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады — деп, жеткізді сотталғандарға майор Қ.Олжабаев.

Мемлекет басшысының алдағы уақытта атқарылатын бұдан да басқа да, саяси реформаларымен танысқан қамаудағы азаматтардың, ел болашағының ертеңіне деген сенімі мен бостандыққа шығуға деген үміті артты.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...