Гаага халықаралық соты Украинадағы қақтығыс туралы шешім шығарды

БҰҰ-ның Гаага халықаралық соты Украинаның Ресейге қатысты талап-арызы бойынша шешім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Төраға болған судья Джон Донахью сот Ресей Федерациясының Украинаға қарсы күш қолдануына алаңдайтынын, бұл халықаралық құқыққа байланысты мәселелерді туындататынын айтты.

«Сот мынаны талап етті: Ресей Федерациясы 2022 жылғы 24 ақпанда Украина аумағында басталған әскери әрекеттерді дереу тоқтатуы қажет. Ресей Федерациясы кез келген әскери немесе қарулы топ, сондай-ақ, оның бақылауындағы ұйымдар мен тұлғалар Украинада әскери операциялар жүргізуге байланысты ешқандай шара қолданбауы керек, — делінген сот хабарламасында.

Ресей халықаралық сотта «талап-арыздың айқын абсурд болуына байланысты» тыңдауларды өткізіп жібергенін айтты, кейінірек Ресей тарапы сот ешқандай шара қолданбауы керек деген жазбаша құжат берді.

Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде сот шешімін Ресейге қарсы істе «Украинаның жеңісі» деп атады.

Алайда бұл шешім — соттың алдын ала шешімі. Шешім кейінгі қаулы бойынша талқылаудан кейін шығарылады, ол бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) прокуроры Кәрім Хан Ресейдің құзыретті органдарының өкілдерімен кездесуге және Украинадағы жағдайды талқылауға ресми сұраныс жіберілгенін айтты.

Айта кетейік, Украина ХҚК құрамына кірмейді, бірақ бұған дейін ол 2013 жылы 21 қарашадан бастап елде жасалған қылмыстарға қатысты соттың юрисдикциясын мойындап, екі өтініш берген еді.

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...

Қазақстан сайлау барысын азаматтарға үзбей хабарлап отыруды қамтамасыз етті – Ресейден келген халықаралық байқаушы

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын...

Рухани-адамгершілік әдебиетті зерделеу

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері рухани-адамгершілік және...

Изучение духовно-нравственной литературы

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности в рамках...