Түзеу мекемесіндегі дүкен

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің аумағындағы дүкен сотталған азаматтарға қызмет көрсетеді. Бұл дүкен жекеменшік болып саналады. Дүкенде азық-түлік тауарларынан бастап, гигиеналық заттарға дейін бар.

Дүкен сатушысы Рашида апаның айтуынша дүкен таңертегі 9:00- ден кешкі 6:30 дейін жұмыс жасайды.

«Тауарлар ассортиментін тұтынушылардың сұранысына сәйкес толықтырып отырамыз. Сотталған азаматтарға тұтынатын заттарды алуға қолайлы әрі ыңғайлы қылып қойғанбыз. Яғни, сотталған азамат алған затын қолма –қол немесе карта арқылы төлейтіндей жағдай жасап қойдық. Түзету мекемесі болғандықтан мұнда тәртіп белгіленген режим сақтаймыз. Тек сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына болатын заттарды ғана әкелеміз»,- дейді дүкен сатушысы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...