Қоғамдық жұмысқа тарту жазасы

Қазiргi кезде сот тәжiрибесiнде қоғамдық жұмысқа тарту жазасын қолдану кеңiнен жүргiзiлуде.

Пробация қызметi тиiстi сот өкiмi, үкiм көшiрмесi келiп түскен күннен бастап он күндiк мерзiмнен кешiктiрмей қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға сотталғанды шақыртып, тұрғылықты жерi бойынша, сотталғанның қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу орны бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға қоғамдық жұмыстарды орындау үшiн анықтама — жолдама бередi. Жергiлiктi атқарушы орган анықтама — жолдаманы алған күнi қоғамдық жұмыстарды өтеу мерзiмiнiң басы болып табылады.

Сотталғандар қандай да бiр арнайы дайындықты қажет етпейтiн аумақты абаттандыруға байланысты қоғамдық орындарда қоғамдық — пайдалы жұмыстарды орындауға тартылады. Қоғамдық жұмыстар сотталғанның негiзгi жұмыс орны бойынша немесе оқудан бос уақытта күнiне 4 сағаттан аспайтын шамада орындалады. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқымайтын сотталғандар қоғамдық жұмыстарды күнiне 8 сағатқа дейiн орындайды, бiрақ аптасына 40 сағаттан аспауы тиiс. Сотталған негiзгi жұмыс орны бойынша кезектi демалыс уақытында қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтатпайды.

Сотталғандар тарапынан жаза өтеудiң тәртiбi мен шарттары бұзылған жағдайда, пробация қызметi жауапкершiлiкке тарту жөнiнде жазбаша ескерту шығарады. Ал сотталған жалтарған кезде пробация қызметi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қоғамдық жұмыстарды қамаумен ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жiбередi.

Ақжар аудандық ПҚБ инспекторы

әділет аға лейтенанты А.К. Килыкешов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...