«Қарлы десант» қайырымдылық акциясы

Есепке алынған пробация қызметі Ақжар ауданының еріктілерімен бірге «Қарлы десант» қайырымдылық акциясына қатысты. Олар ауданның бірнеше үйіне, атап айтқанда, жалғызбасты қарттарға қардан арылуға көмектесті.

«Қарлы десант» — жастар ресурстық орталығы өткізетін және бірінші кезекте ауланы қар құрсауынан өз бетінше тазалай алмайтындарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясы. Пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған сотталғандармен бірге осы акцияның белсенді қатысушылары болып табылады. СҚО бойынша ҚАЖД Ақжар ауданының ПҚБ есебінде тұрған, әкімдікте қоғамдық ақылы жұмыс істейтін сотталған А., қарт адамға ауланы қардан тазалауға, сондай-ақ Аудандық мәдениет үйіне көмектесті.

Ақжар аудандық ПҚБ инспекторы

әділет майоры Р.С. Кульмагамбетов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...