Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамалды

  • 2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Антикор басшысы Олжас Бектеновтің айтуынша, «Қазақтелекомдағы» ісі бойынша миллиардтаған қаржы жымқырылған. 

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді...

Нотариустар жасаған атқарушылық жазбалардың күшін жою туралы дауларды қарау тәжірибесі

Нотариустың атқарушылық жазбасы – азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс...

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Медицинада бүгінгі таңда денсаулық сақтау ісінде іргелі теориямен  қатар...

Қазақи қолөнер

Ұлттық мәдениетіміздің айнасы болып табылатын қазақи қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп...