Қаңтар оқиғасының тергеу барысын депуттар назарда ұстайды – Мәжіліс төрағасы

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қаңтар оқиғасының тергеу барысы депуттардың назарында болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз қаңтар оқиғаларына қатысты мәселелерді алғаш рет осындай кең форматта талқылап отырмыз. Бүгін әңгіме мейлінше ашық болды деп ойлаймын. Әрине мән-жайды толық анықтау үшін әлі де біраз уақыт қажет. Заңдық тұрғыдан барлығы мінсіз болуы қажет. Асығыстық танытуға болмайды. Себебі таразы басында біздің азаматтардың тағдыры тұр. Бұл жөнінде Президенттің «Кінәсіз адам жазаға тартылмауы тиіс. Кінәлілер заң жүзінде қатаң жазалануы тиіс» деген тапсырмасы бар. Осы тапсырма мүлткісіз орындалуы керек», — деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырсында.

Спикер аталған мәселе әрі қарай да Мәжіліс депутаттарының бақылауында болатынын айтты.

«Мәжіліс депуттарының бүгін айтылған сын пікірлері мен ұсыныстары құқық қорғау органдарының басты назарында болады деп ойлаймын. Әрине, бұл мәселелер бүгінгі отырыспен ғана шектелмейді. Депутаттар осы мәселелерді әр түрлі салалық комитеттердің немесе фракциялардың отырыстарында қажетті жағдайда талқылап отыратын болады», — деді Мәжіліс төрағасы.

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді (IESF World Esports Championship 2027) 

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар...

КАК РОЖДАЮТСЯ НОВЫЕ НАУЧНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ

В современной медицине и здравоохранении наряду с фундаментальной теорией...

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау - заңдылықты қамтамасыз...