12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке құрамның көлігі тексерілді

Еліміздің қылмыстық атқару саласында жұмыс жасау, осы сала қызметкерлерінен темірдей қатаң тәртіпті талап етеді. Соның бірі, күшейтілген режим кезеңінде, беймезгіл дабыл уақыттарында жеке құрам еш себепсіз дер кезінде жұмыс орнында болуы керек. Шақырылған уақытта жылдам жету үшін, ЗК-169/1 тергеу изоляторы қызметкерлерінің көпшілігі жеке автокөлік иемденген.

Міне, осы жеке құрам басқарып жүрген автокөліктердің көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулардың орын алмауы және қызметкерлер тарапынан заң бұзылушылық оқиғаларын болдырмау мақсатында, тексеру іс- шарасы өтті.

Мекеменің кадр саясат тобының кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетовтың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға , Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті Өзіндік қауіпсіздік тобы қатыстырылды.

  • Бақылау өткізерден бұрын, мекеменің Хабарландыру тақтасында тексерістің өтілетін күні мен уақыты жазылған хабарландыру ілінді. Содан болар, барлық қызметкерлердің автокөлігі тексеру алаңынан табылып, толықтай тексерістен өтті. Шара барысында, алдымен көлік құралдарын тіркеу және басқарып жүруге қажетті құжаттары мен сақтандыру полюсінің мерзімдері тексерілді. Одан соң, автокөліктерінің жай-күйі, көлікте болуға тиісті өрт сөндіргіш, алғашқы жәрдем көрсететін медециналық қобдишаның бар болуы қаралды. Бұдан бөлек, көліктің міндетті техникалық байқаудан өткендігіне баса назар аударылды – деді, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов.

Тексеру қортындысы нәтежиесінде, жеке құрам көліктерінің техникалық жай-күйі қалыпты жағдайда және жүргізу бойынша еш мерзімі өткен құжаттар анықталған жоқ.

Бұл тексеру бақылаудың барлық талаптарына сай болып шықты. Осы орайда айта кетерлік тағы бір жай, мекеме аумағында қызметкерлерге арналған автотұрақтың болуы , іс-шараның ойдағыдай өтуіне игі әсері болды. Өйткені, Қызылорда қаласының Төле би көшесінде орналасқан мекеме ғимаратының қосымша бөлігінде 30-ға жуық автокөлікке арналған автотұрақ бар. Бұл автотұрақ мекеме аумағына келіп-кететін көліктердің қозғалыс қиындығын тудырмау мақсатында, мекеме бастығының бастамасымен, жеке құрам қолдауымен, Тыл бөлімі қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында жасалынды.

Алдағы уақытта, автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, бейнебақылау орнату және мекемеге келіп- кететін көпшілік халықтың автокөлігінің тұру жағдайына байланысты да мәселелерді қарастырудамыз — дейді, мекеменің Тыл бөлімінің инжинері Қуаныш Муса.

ҚАЖ мекемесінде тыйым салынған заттардың енуінің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізілді

2024 жылғы 21 қарашада Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Кинология...

Астана қаласының ҚАЖ ҚМДБ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

ҚМДБ Астана қаласының «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Жусупов...

Победителем республиканского шахматного турнира стал сотрудник акмолинского ДУИС

Организатором республиканского онлайн турнира по шахматам выступил Комитет уголовно-исполнительной...

“Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны арқылы оңалту ”

БҚО-да Тергеу Изоляторында “Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны...