12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол жоқ!

Соңғы кездері қоғамымызда тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбейіп кетуі байқалады. Атап өтер жайт, зорлық-зомбылық тек жәбірленушілер құқығын бұзып қоймай, өскелең ұрпақтың санасына да кері әсерін тигізеді. Статистика бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылық көбінесе әйел адамдарға қатысты жасалады екен. Егде адамдар мен балалардың да зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын кезі аз емес. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін бірнеше жыл бұрын   елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң да қабылданды.

Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуді көздейді. Бүгінгі таңда осы заң аясында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың азаюына аз да болса қол жеткізілді. Алайда бұл мәселе әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік мәселе болып қалып отыр. Көптеген құқық бұзушылар жазасыз қалуда, ал зорлық-зомбылық фактілері тіркелмейді. Сол себепті бүгін таңда отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың жаңа жолдарын іздестіру қажеттілігі сезілуде. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. 2019 жылдың басынан бері «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында заңсыздықтың алдын алуға, құқықбұзушылықтарды болдырмауға, істі келісіммен шешуге көңіл бөлініп келе жатыр. Яғни, Жоғарғы Сот соттар алдына тек жанжалдасушы тараптарды татуластырып қана қоймай, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы міндет қойды. Зорлық-зомбылықты бастан кешірген жәбірленушілердің көбі нәзік жандылар және олар ұятты, балаларының ертеңін ойлап, құқық бұзушыны кешіріп жатады. Осы орайда, отбасылық судья тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмауға күш салып, тараптарға түрлі мамандардың көмегін ұсынады. Сондай-ақ, «Отбасылық сот» істерді қарау кезінде әр отбасының жағдайын жеке-жеке қарастырады: жанжалдардың себептерін анықтайды, агрессор құрбандарына көмектеседі. Бұл да болса отбасындағы зорлық көрсетуші тұлғаға қарсы қоғам тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың бірі.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби. Ана мен бала құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, құқығының бұзылмауына ықпал ету керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның міндеті. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, зорлық көрген баланың өскен соң қатігез болатынын ұмытпайық.

Абдолданова Рабига Зауатбековна, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...