12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ербол Рахымбеков, Шымкент қалалық сотының төрағасы:
«Заң мен сот алдында адамдардың бәрі тең»

– Коронавирус кез келген саланың жұмыс ырғағын өзгертті. Шымкент қалалық сотта­ры карантин кезінде қалай жұ­мыс істеді? Онлайн режимде өт­кізілетін процестерге халық­тың реніші жоқ па?
– Әлемді әлекке салған індет – коронавирус сот жүйесінің де жұмыс тәртібін бұзды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2020 жылы 16 наурыздан бастап елімізде Төтенше жағдай режимі енгізілген соң, қаладағы соттарды жедел түрде қашықтан жұмыс жасауға көшірдік. Басты міндет, бір жағынан, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау болса, екіншіден, олардың жеке қауіпсіздігін сақтау болды. 2020 жылы қала соттары күн сайын онлайн режимде 240-қа жуық сот процесін WhatsApp, TrueConf, Zoom, Skype және тағы басқа да мобильді қосымшалар көмегімен өткізіп отырды. Бұл – Жоғарғы Сот бастамасымен сот жүйесіне енгізілген цифрландыру жұмыстарының жарқын нәтижесі. Сол жылдары жинаған тәжірибе мен кейінгі мүмкіндіктердің арқасында, пандемия кезінде Шымкентте өткен онлайн сот процестеріне алыс-жақын елдерден (Ресей, Грузия, Өзбекстан, Түркия, Корея және БАӘ) де қатысушылар қосылған болатын.
Екі жылдан бері қала соттары тиісті сақтық шараларын сақтай отырып, күнделікті сот процестерін тоқтатпай, жұмысын қашықтан жалғастырып келеді. Әрине, барлық сот процесін 100 пайыз онлайн өткізу оңайға түскен жоқ. Алғашқы кезде техникалық, материалдық және ұйымдастыру жағынан, тағы басқа да бірқатар қиындықтар кездесті. Сондықтан, бастапқыда онлайн режимде өткен сот процестеріне кейбір тараптардың реніші болды.
– Білікті судья ретінде есіміңіз халыққа жақсы таныс. Кезінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановтың, ауыл шаруа­шылығы вице-минис­трі Мүсілім Өміряевті, Парламент Сенатының аппарат жетекшісі қызметін атқарған Ержан Өтембаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға қатысты ісін қарадыңыз. Одан бөлек көпшіліктің қызу талқысына түскен Әліби ісіне де төрелік еттіңіз. Жалпы, көпшілік назарында тұрған шулы істерді қараудың қиындығы неде?
– Әрбір істің өзіндік қиындығы болады. Өйткені, олардың әрқайсысының артында адам тағдыры тұр. Мен үшін судьялық қызметке кіріскен кездегі ең алғашқы процесім қиын әрі есімнен кетпестей болды. Қиындығы сол – бірінші рет сотталушымен, сотқа қатысушылармен бетпе-бет кездестім және заңды қолдандым. Әр тараптың өз шындығы және өз айтары болады. Соның барлығын ескеріп, алғашқы істі қарау барысында қателік жібермеуге бар күш-жігерімді салып, асқан жауапкершілікпен қарағаным есімде. Ол іс бұзақылық әрекетке қатысты болды. Масаң күйдегі жас жігіт қоғамдық жерде пышақпен бірнеше адамға қатысты бұзақылық жасаған. Бірнеше сот сараптамасын тағайындап, істің мән-жайын анықтап, оның кінәсі дәлелденген соң, бас бостандығын айыру жазасын тағайындағанмын.
30 жылдан астам судьялық қызметімде маған әртүрлі дәрежедегі істерді, соның ішінде қоғам назарындағы істерді қарауға тура келді. Бірақ, мен үшін олардың барлығы бірдей. Мейлі министр болсын, агенттік басшысы немесе тағы басқа лауазым иесі болсын – оның бәрі Қазақстан азаматы. Сондықтан, заң бәріне ортақ, заң мен сот алдында адамдардың бәрі бірдей деген қағиданы алғышарт ретінде ұстанамын.
– Сот жұмысы туралы ақпарат таратқанда журналистер нені ескеруі керек? БАҚ өкілдері қандай кемшілікке жиі жол береді?
– Қала соттарының БАҚ өкілдерімен өзара байланысы дұрыс жолға қойылған. Төтенше жағдайда да, карантинде де журналистермен байланысып тұруға, сот қызметі туралы ақпаратпен бөлісуге және тілшілердің сұрағына жауап беруге кедергі болған жоқ. Оларға қашықтан сот процесіне қатысуға жағдай жасалып, сұраныстары негізінде қоғамның қызығушылығын тудырған істер бойынша баспасөз хабарламасын, комментарийлер және жүзбе-жүз сұхбат та береміз. Журналист – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір дейміз. Бірақ, кейде олай емес пе деген ойға қалам. Өйткені, кейбір басылымдарда, әлеуметтік желіде судья іс қарауды бастамай тұрып, сол іс туралы жазатын журналист немесе блогерлер кездеседі. Сондай-ақ, судья қарап жатқан іспен толық таныспай, заңды да білмей тұрып, сыни материал жазатын тілшілер де бар. Мәселен, бірінші сатыдағы соттың шешімі шықты, бірақ әлі заңды күшіне енген жоқ. Ол істің апелляциялық сатыда қаралып жатқанына қарамастан, кей журналистер өзіндік тұжырым жасап, шешімін БАҚ-та жария етеді. Әрине, бұл дұрыс емес! Сондықтан, БАҚ өкілдері сот жұмысы туралы ақпарат таратқанда, жоғарыда айтылған кемшіліктерге жол бермесе екен деймін. Заңды біліп, іспен жан-жақты танысып, сот үкімін тыңдаған соң ғана, ол жөнінде объективті түрде ақпарат тарату – мүлдем басқа нәрсе. Жалпы, сотта қаралған немесе қаралып жатқан кез келген іс адам тағдырына қатысты болғандықтан, ол туралы жазарда жауапкершілікті естен шығармаса екен.
– Қазақылықтың қаймағы саналатын Шымкентте медиация­лық келісімдер көп жасала ма? Қылмыс­тық істерде медиация қаншалықты жиі қолданылады?
– Шымкент қалалық соты құрылғаннан бері медиацияны дамыту және насихаттау жұмысын қарқынды жүргізіп келеді. 2018 жылы сот жанынан Билер кеңесін құрдық. Оның құрамына қаланың ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, отставкадағы судьялар енді. Мұндағы мақсат – жұртшылық арасындағы кішігірім жанжалдарды елге беделді, сыйлы ақсақалдардың көмегімен сотқа жеткізбей шешу арқылы даукестікті төмендету еді. Сонымен қатар, Шымкент қалалық, аудандық оларға теңестірілген соттардың ғимараттарында татуласу бөлмелері және медиаторға арналған кабинеттер бар. Қаладағы аудандық әкімдіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті филиалында, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығында, жұмыс­пен қамту орталығында және білім мекемелерінде татуласу бөлмелері тұ­рақты жұмыс жасайды. Олардың барлығы да отбасылық жанжалдан бастап, кәсіпкерлік тағы басқа да саладағы түрлі дау-жанжалды медиация тәртібімен шешуге көмектесіп келеді.
Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістерге сай, қала соттарында татуластырушы судьялар жұмыс істеуде. Сотқа түскен талап қою арыз­дары алдымен татуластыру рәсімін жүргізу үшін татуластырушы судьяларға беріледі. Өткен жылы, олар 10 жұмыс күні ішінде татуласу келісіміне жету үшін тараптарға және олардың заңды өкілдеріне түсіндіру жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде, 2021 жылы азаматтық істердің 1 512-сі тараптардың татуласуымен аяқталған, бұл 30 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 3 пайызға көп. Сонымен қатар, қала соттарында 6 қылмыстық іс бітімге келуіне байланысты қысқартылған. Қорыта айтсам, соңғы жылдары тараптардың татуласуы көбейіп, судьялардың да шеберлігі артып келеді.
– Алқабилер институтының дамымауын кейбір заңгерлер қазақы болмысымызбен байланыстырып жатады. Олардың пікірінше қарға тамырлы қазақтың арасынан күдіктіге туыстық жақындығы жоқ адамдарды іріктеу қиын. Бұл қаншалықты шындыққа сәйкес келеді? Сіздіңше алқабилерге деген сенімді арттырып, алқабилер қатысатын сот отырыстары көбеюі үшін не істеу керек?
– Алқабилер қатысатын сот істерін көбейту мақсатында 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Қылмыстық заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы алқабилер сотының соттылығы кеңейтіліп, алқабилердің қатысуымен қаралатын баптардың саны артқан болатын. Маңызды мәселенің бірі – алқабиге кандидаттардың тізімін жасау. Алқабиге кандидаттарды тексеру және заң талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды тізімнен алып тастау үшін жергілікті уәкілетті органдар Құқықтық статис­тика басқармасына, АХАТ органына, ішкі істер департаментіне сауал жіберіп, мұқият тексереді. Солай бола тұра, өзіңіз айтқандай, олардың сотталушымен туыс­тық байланысын анықтау қиын екені рас. Десек те, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұл мәселенің шешімі табылып, алқабилердің қатысуымен сот істері қаралуда. Мысалы, былтыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер құрамымен 6 тұлғаға қатысты 3 іс айыптау үкімін шығарды. Ал, 2020 жылы 1 іс қана қаралған. Бұл – алқабилер соты құрамында қаралған істер санының артуы, қылмыс­тық істерді алқабилердің қатысуымен қаралуы алқабилер институтының дамып келе жатқандығының көрінісі. Жалпы, алқабилер институты еліміздің құқықтық жүйесінде халықтың сотқа деген сенімін нығайту үшін қажет.
Менің ойымша, алқабилердің құ­қықтық білімінің болмауы істі қарау барысын қиындатады. Сол себепті, ал­қабилер тізімін жасаған кезде олардың қатарында мүмкіндігінше заңгерлердің көп болғаны дұрыс. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру бойынша шаралар ұйымдастырып, құқықтық мемелекеттің сауатты азаматтарын қалыптастыру қажет.
– Соңғы жылдары төраға қыз­метіне қатысты көп өзгеріс енгізілді. Төрағаның судьяларға ықпалын азайту, құзыретін теңестіру міндеті қойылды. Дегенмен, екі реттен артық төраға болуға шектеудің қойылуы аудандық соттарда төраға қызметінің ұзақ уақыт бос тұруына ықпал етуде. Сіздердегі жағдай қалай?
– Алдымен «Сот төрағасы кім?» деген сұраққа жауап берсем. Төраға – ұжымның тыныс-тіршілігінің ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы. Кез келген қатардағы судьяның да, төрағаның да заңды жетік білуі басты шарт. Дегенмен, төрағаның бойында біліммен қатар, біліктілік те болуы тиіс. Оған әділеттілік, ар-иман тазалығы, ұят пен намыс, қарапайымдылық пен кішіпейілділік қосылса, нұр үстіне нұр. Егер төрағаның деңгейі өзгелерден оқ бойы озық тұрса, оның әр сөзі өзгелерге өнеге, ісі үлгі болары анық.
Бүгінгі күні аудандық сот төрағасы қызметіне екі мерзімнен (он жылдан) артық тағайындауға болмайтыны туралы енгізілген шектеу бар. Бұл судьялардың төрағаларға тікелей тәуелділігін және сот төрағаларының билік ету өкілеттігін азайтты. Олар бұл лауазымда ұзақ отырмай, облыстық соттың судьясы немесе алқа төрағасы қызметіне ұмтылғаны дұрыс деген пікірдемін. Шын мәнінде, сот жүйесіндегі өзгерістер өз жемісін беруде. Мұның барлығы да Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарында көрініс тапқан реформалардың қисынды жалғасы деп білемін және бұлар құқық үстемдігін күшейтуге, сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған. Ал Шымкент қаласындағы аудандық соттарда төраға лауазымының ұзақ уақыт бос тұруы орын алған жоқ.
– Судьялардың барлық жұмысы көпшіліктің көз алдында. Сот қызметіне, судьялар біліктілігіне қатысты жолданатын арыз-шағымдар көп пе? Азаматтардың көңілі толмайтын негізгі мәселелер қандай?
– Шымкент қалалық сотына өткен жылы жалпы жеке және заңды тұлғалардан 296 арыз-шағым түскен. Осы шағымның 201-і түрлі негіздермен және сот жұмысының ұйымдастыру мәселелері бойынша жазылған. Соған байла­нысты, оларға заң талаптары түсіндіріліп, ел заңнамасына сiлтеме жасала отырып, нақты жауап берілді. Сондай-ақ, былтыр түскен арыз-шағымның 74-ін сот актілерімен келіспегендер жазыпты. Осы ретте айтайын дегенім, сот шешімінің нәтижесінде жеңген және жеңілген тарап болады. Шешім заңды әрі әділ болса да, көбіне, жеңілген жақ сотты кінәлап жатады. Судьялардың үстінен түскен әрбір шағым мұқият тексеріліп, зерделенгеннен кейін 2 шағымның ғана уәжі өз дәлелін тапқаны анықталды.
2021 жылы Шымкент қаласының Судья әдебі жөніндегі комиссиясына 9 шағым түскен, бұл 2020 жылмен салыс­тырғанда 5 арызға кем. Комиссияда қаралған 2 шағымның уәжі қуатталып, ол бойынша судьяға қоғамдық мін тағылды. 4 шағым өндірістен қысқартылып, 2 шағымның уәжі өз дәлелін таппады және 1 шағым қараусыз кері қайтарылған.
Жұмыс жүргізу тәжірибеммен бөліссем, мен өзім әр сейсенбі сайын қалалық сотқа келген азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін заң шеңберінде шешуге тырысамын. Сонымен бірге, қалалық соттың алқа төрағалары мен Соттар әкімшісінің басшысы да қабылдауға жазылған азаматтарды тыңдап, олардың өтінішіне жауап береді. Мұндағы басты мақсат – азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеу.
– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін көп рақмет! Еңбегіңіз жемісті болсын!

Айнұр Сембаева,
«Заң газеті»

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ӘЛСІЗ

Еліміздің жолдары сапа талаптарына сай емес. Əсіресе, жергілікті жолдар сын көтермейді. Өйткені, олардың деніне қиыршық, ұсақ тастар мен топырақ төселген. Тек 44 пайызы ғана асфальт-бетонмен қапталыпты. Бірақ соған қарамастан, олардың бəрінің жағдайы қанағаттанарлық деп саналады. Мұның зардабын жол жүргендер көріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Мағауиннің жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды

Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Насыщенный старт года 

Начало 2025 года ознаменовалось для Президента Республики Казахстан плотным графиком встреч и рабочих поездок, каждая из которых стала ярким подтверждением его курса на модернизацию страны и укрепление ее позиций на мировой арене. Все события недели, от интервью до осмотра современных спортивных комплексов и заводов, демонстрируют многогранность задач, стоящих перед нашей страной в наступившем году.

Қазақстанның қай қалаларында тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы желтоқсан айында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы бағалар мен бағамдар туралы деректерді жариялады.