Қамаудағы 48 азамат флюорграфиялық тексерістен өтті

ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы Медецина бөлімінің басты міндеттерінің бірі, тергеу қамауындағы және жазасын өтеп жүрген  адамдарға  медициналық көмек көрсету болып табылады.

Осы орайда, ЗК-169/1тергеу изоляторына келіп түскен азаматтар арасында аурулардың алдын алу және профилактикалық шаралар негізіндегі жұмыстар үнемі атқарылып келеді.

  • Мекемеге жаңадан келіп түскен айыпталушылар мен сотталғандар толық медициналық тексеруден өткізіліп тұрады. Бүгін облыстық фтизиопульманологиялық ауруханасынан жылжымалы флюкар автокөлігі мен дәрігерлері келіп, қамаудағы 48- азамат флюорграфиялық тексерістен өтті. Өткізілген тексеріс, қатерлі топқа жататын созылмалы аурулардың дамуына бейім сотталғандарды дер кезінде анықтау ерекше маңызға ие, бұл олардың арасында ерте мерзімде емдеу және алдын алу іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл тексеріс, ҚР ІІМ 2017жылғы 12 қарашадағы № 728 бұйрығына және № 994 « Туберкуллез ауруы бойынша мекемелердегі профилактикалық шараларды жүргізу туралы» бұйрықтарды басшылыққа ала отырылып атқарылады.

Атқарылатын шара , барысында міндетті түрде ВИЧ-ке қан тапсырып, өкпесін рентгенге түсіреді. Терапевт, фтизиатордың бақылауынан өткізіліп, сотталғандардың ауру немесе ауру емес екені анықталады. Туберкулез анықталса, науқас дәрігерлік бөлім палатасына оқшауланады.

Мекемеде 0, 5 бірлікпен жұмыс жасайтын Асқарова Алма есімді білікті фтизиатор дәрігер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда медецина бөліміндегі арнайы палатада, 2 сотталған ем-домын қабылдауда. Оларды Қызылорда қалалық фтизо-пульмонология орталығымен байланысып, тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етіп отырмыз — дейді, фельдшер Н.Талғат.

Әрине, өкпе флюорографиясы патология туралы нақты ақпарат бермейді, бірақ ол өкпе тіндеріндегі өзгерістерді, сұйықтықтар мен жаңа өскін жасушаларының пайда болуын дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді.

Олай болса,сотталғандардың денсаулығын қорғау тергеу мекемесі әкімшілігі қызметінің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...