12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанға заңсыз әкелінген 500 мың тоннадан астам өнімнің жолы кесілді — ҚР АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Ираннан, Түркиядан, Қытай Халық Республикасынан, Корея Республикасынан, Ресейден және Өзбекстаннан әкелінетін 500 мың тоннадан астам импорттық карантинге жатқызылған өнімді ұстады.

«Биылғы жылдың 18 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 31 фактісі әшкереленіп, жолы кесілді. Атап айтқанда 14 жағдайда Ресей Федерациясынан 152,7 тонна жеміс-жидек пен сәбіз, Ираннан 45,2 тонна алма және Оңтүстік Кореядан 1 тонна жүгері ұнын импорттау кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды.

Сонымен бірге Ресей Федерациясынан 113 тонна ұн, жүгері, құрма, лимон, банан, көкөністер мен басқа да жемістер, Түркиядан 80,4 тонна кептірілген өрік пен Анар және Өзбекстаннан 123,3 тонна кептірілген жеміс импорты кезінде өнім қайталама тексеруге ұсынылмаудың 11 жағдайы белгілі болды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда 3 жағдайда Ресей Федерациясынан 20 тонна кебек пен 30 текше метр кесілген ағаш материалдары мен Өзбекстаннан 5,4 тонна анар импорттаған кезде орамдарда таңбалау болмай шықққаны айтылған.

Бұған қоса Ресей Федерациясынан 40 тонна лимон импорты кезінде уәкілетті органның рұқсатынсыз жүру жолында өнімнің басқа мекен-жайға жіберілгені әшкере болды. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан 58 тонна асқабақ ядросының тұқымын әкелу кезінде карантиндік өнім жарамсыз фитосанитариялық сертификатпен әкелінген. ҚР

ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға әкімшілік материалдар толтырылып, 1,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині саласында 320 заңбұзушылықты анықтап, нәтижесінде 24 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды», — делінген министрліктің мәлімдемесінде.

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...