Украинада мыңнан астам қазақстандық жүк вагоны тұрып қалды

Украинада тұрып қалған жүк вагондарын қайтару жұмыстары қолға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кейінгі мәліметтер бойынша, Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагондары тоқтап тұр», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Украинаға барар жолда әртүрлі жүк түрлері бар 680 вагон тоқтатылғаны айтылды. Оның ішінде 371 вагон 4 наурызда басқа бағыттарға жөнелтілді.

Осы мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ИИДМ, ҚТЖ және Қазақстанның теңіз порттары жанында жедел желі ашылды:

  • ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығы: +7 (7172) 98-35-35, 98-35-33;
  • ИИДМ Ахуалдық орталығының WhatsApp-нөмірі:+ 7 708 088 0 800.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жедел желісінің телефондары:

  • жүктерді басқа адреске жіберу өтінімдерін қабылдау және консультациялар бойынша — «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС: +7 (702) 164-55-39, 8 (7172) 60-31-33;
  • кеден қызметіне байланысты мәселелер бойынша — «ҚТЖ» ҰК» АҚ: 8 (7172) 60-30-19, +7 (701) 341-32-20;
  • РФ, Украина, Белоруссия және ЕО аумағында тасымалдауды ұйымдастыру бойынша: +7 (702) 788-68-87.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі медиация рәсімінің маңызы мен қолдану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мемлекеттік...

Әкімшілік әділетке 5 жыл: Азаматтар құқығын қорғаудың заңнамалық кепілдіктері

​2026 жылы Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет институтының және оның...

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...