Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркияға шакырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның вице-президенті Фуат Октайды қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында олар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фуат Октайға ілтипат білдіре отырып, Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдады және оның биыл мамыр айында Түркияға сапармен келу жөніндегі шақыртуын шын көңілмен қабыл алғанын жеткізді.   

Мемлекет басшысы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынастарды одан ары жандандыра түсу қажет екеніне назар аударды. 

Түркияның вице-президенті өз кезегінде Президент Режеп Тайип Ердоғанның Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Түрік елі Мемлекет басшысының сапарын асыға күтетінін айтты.

Фуат Октай Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстардың 30 жылдығына орай жолдаған түрік басшысының құттықтау хатын жеткізді.

Түркияның вице-президенті елімізде сын-қатерлерді еңсеру үшін қабылданған шараларды және Қазақстан Президентінің мықты әрі батыл басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу туралы шешіміне ризашылық білдірді.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі медиация рәсімінің маңызы мен қолдану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мемлекеттік...

Әкімшілік әділетке 5 жыл: Азаматтар құқығын қорғаудың заңнамалық кепілдіктері

​2026 жылы Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет институтының және оның...

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...