Әкім Ерболат Досаев Amanat партиясы филиалының төрағасы болды

Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, Асхат Оралов қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясына қатысқан. Осы жиында делегаттар Amanat партиясы филиалының жаңа төрағалығына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты сайлады.

Партияның Атқарушы хатшысы филиал жаңа басшылығының алдында партияны модернизациялауды ескере отырып, жұмысты жандандыру және сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын бақылау міндеттері тұрғанын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, Amanat партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс жасауда транспаренттілікті арттырып, қоғамның барлық өкілдерімен жұмысты күшейту бойынша міндеттер қойды. Партияның барлық сайлауалды уәделерін – азаматтардың талап-тілектерін, «аманаттарын» орындау негізгі басымдық болып қала береді. Бұл ретте біз мемлекеттік органдардан цифрлар талап ететін тәжірибеден алшақтауымыз керек. Азаматтардың пікірлерін ескере отырып, бағдарламаның тармақтарын нақты іске асыруға ықпал ететін проактивті форматқа ауысуымыз қажет», — деп атап өтті Асхат Оралов.

Осы күні Асхат Оралов зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен де кездесті. Олардың ішінде әйгілі актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, ақын Жүрсін Ерман, жазушы Смағұл Елубай және т.б. бар.

Ашық пікір алмасу барысында зиялы қауым өкілдері партия қызметін жетілдіру жөніндегі өз пікірлерін ортаға салып, Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға және Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.

Жұмыс сапарының алғашқы күні Атқарушы хатшы қалалық мәслихаттағы Amanat партиясы фракциясының мүшелерімен кеңес өткізді. Ол осы жиында депутаттарға жұмысты күшейтуді және қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалуына сапалы бақылау ұйымдастыруды тағы бір рет тапсырды.

«Алматылықтарға берген барлық уәделерді орындау қажет. Бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласына арналған сайлауалды бағдарламаның әлеуметтік тұсын Бюро мүшелеріне, ал жол картасының индикаторларын партия өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшелеріне бекіту қажет», — деп атап өтті Асхат Оралов.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...