12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қайғылы қуаныш»: СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар жақындарымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының ер адамдар жазасын өтеп жатқан орта қауіпсіздік ЕС-164/3 мекемесінде  «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Сотталған ер адамдар өз ата-аналарымен, жарларымен, аға-әпкелерімен және балаларымен кездесуге мүмкіндік алды.  Бұл күнді сотталғандар да, жақын туыс-туғандары да асыға күтті. Мекемеге барлығы 50 жуық туған-туыстары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарынан келді.

Іс-шара иммундаудың болуын, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды, сондай-ақ «Ashyq» жобасын пайдалануды қамтитын барлық санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып жүзеге асырылды. Келген туыстарға қойылған басты талап бірінші және екінші компоненттерге COVID-19 вакцинациясының болуы болды. Ашық есік күніне қатысуға оң мінездемесі бар сотталғандар қатысты.

Соңғы рет ЕС-164/3 мекемесінде «Ашық есік күні» 10 жыл бұрын өткізілді. «Ашық есік күні» болады деп туыстарына хабарласқанымда, төбелері көкке жетті. Барлығы бұл күнді асыға күтті. Бүгінгі өткізілген іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтауы. Осындай іс-шаралар сотталғандардың түзеліп, мерзімінен бұрын босап шығуына серпіліс береді. Тәрбиелік маңызы өте зор. Бүгінгі күні біз қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелерін де жазаны орындайтын мекемелер қызметінің ашықтық деңгейін арттыру мақсатымен аталмыш іс-шараға шақырдық. Алда осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шараларды жиірек өткізу жоспарда бар, — СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.

Сотталғандардың туған-туысқандары мекеме бастығы әділет полковнигі Валихан Байтасовқа және орынбасарларына қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.  Содан соң, туыстарына сотталғандар тұратын жасақ пен мекеменің медициналық-санитарлық бөлімі бойынша экскурсия жүргізілді. Темір тордың арғы жағындағы ер адамдар 8 наурыз мерекесі қарсаңында көңіл-күйді көтеру және сүйікті әйелдерін құттықтау мақсатында кішігірім концерттік бағдарлама дайындап, өздерінің жасаған кішігірім сыйлықтарын аналарына ұсынды.

Мекеме асханасында қауышу кезінде туыстары да, сотталғандардың өздері де қуаныштың көз жасын жасырмай, жылулығымен бөлісті.  «Қайғылы қуаныштың» көз жасы ағып кете берді.

Менің балам «Ұрлық» үшін сотталды. 2 жылын өтеді, 1 жылы қалды. Бүгін тұратын жерін көрдім, ас мәзірлері де ілініп тұр. Бәрі тап-тұйнақтай. Тұратын жерлері жылы, таза. Баламды көре алатынымды естігенде, қатты қуандым. Қостанай қаласынан келіп отырмын. Өте бақыттымын. Балам 35 жаста болса да, мен үшін әлі кішкентай сияқты. Ана жүрегі баласы 50-ге келсе де, ауырады емес пе? Өте қуаныштымын, мұндай іс-шаралар жиі болып тұрса екен деген тілегім бар, — сотталғанның анасы Разия.

Бұл күн аналары үшін де, балалары үшін де есте қаларлығы анық…

ҚАЖ мекемесінде тыйым салынған заттардың енуінің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізілді

2024 жылғы 21 қарашада Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Кинология...

Астана қаласының ҚАЖ ҚМДБ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

ҚМДБ Астана қаласының «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Жусупов...

Победителем республиканского шахматного турнира стал сотрудник акмолинского ДУИС

Организатором республиканского онлайн турнира по шахматам выступил Комитет уголовно-исполнительной...

“Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны арқылы оңалту ”

БҚО-да Тергеу Изоляторында “Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны...