12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеудегілердің туыстарымен кездесу өтті

Бүгін ЗК-169/1 тергеу изоляторының бастығы әділет подполковнигі Алмат Жұманұлы Тасқараев тергеу қамауындағылардың туыстарымен кездесті.

Кездесу барысында мекеме бастығы алдымен қамауда ұсталынып отырған азаматтардың мекемедегі ұсталыну жағдайлары жөнінде айтып берді.

-Бүгінгі таңда тергеу изоляторы қамауындағы азаматтардың барлығы дерлік ең алдымен толықтай медециналық тексерістен өткен. Азаматтардың денсаулықтарына мұнда басты назарда.

Бұдан бөлек жатын орын, тамақпен, киім-кешекпен Тыл бөлімі тарапынан күнделікті қамтамасыз етіліп отырылады.

Сондай-ақ,олардың тергеуші, адвокаттары және заңды өкілдерімен кездесуін тұрақты ұйымдастырамыз.

Мекемеде барлық жерге бейнебақылау орнатылған. Яғни, күш көрсету,ұрып-соғу фактілеріне жол берілмейді.

Бұл күнге дейін қамаудағылардың жағдайларын тексеру мақсатында Адам құқығы жөніндегі уәкілдер мен парламент және мәжіліс депуттаттары келіп, сотталғандар мен айыпталушы және тергеудегілердің тарапынан еш арыз-шағымдарының жоқтығына көз жеткізіп кеткен болатын.

Мекеме бастығының мәлімдемесінен соң, кездесуге келген азаматтар өз сұрақтарын қойып, басшылық тарапынан қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Сұрақтар қамаудағылардың кредиттері, жеке тергеу істері және санкциялары мен оқулары жөнінде болды.

Кредиттері бойынша сұраққа арнайы бөлім қызметкерлері арқылы анықтама алып, мекеме бастығының мөрімен расталып, тиісті банкке апаруға болатындығына ықпал ететіндігін айтып жеткізді.

Келесі бір кездесуге келген ата-ана:

-Менің ұлым соңғы курс студенті еді, оқу орындағылар дипломдық қорғау жұмысына міндетті түрде қатысу керек деп жатыр. Соған сіздердің тараптарыңыздан қандай көмек көрсете аласыздар деген сұрағын қойды Бұл сұрақ бойынша А.Тасқараев мырза, заңгер Р.Жолмановқа тапсырма берді. Яғни , мекеме бастығы атына сенімхат жазу керектігін, осы сенімхат жазылған соң, оның тергеушіге жолданатындығы жөнінде айтып түсіндірді.

Кездесу соңында заңды өкілдер, ұйымдастырылған іс-шараға рахметін білдіріп, мекеме қызметкерлеріне алғыс айтты.

МЕКЕМЕ КІТАПХАНАСЫ ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облыстық Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында «Ақмешіт-Сырдария»...

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні балалар колониясында аталып өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде  жазасын өтеп...

«Пробация» профилактикалық іс-шарасы

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандар тарапынан қылмыстық...

Ратт мүшесі сотталғандарға дәріс өтті

Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі, «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту...