12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Украина мен Ресей алдағы уақытта екінші келіссөз өткізеді

Украина мен Ресей делегациясы жағдайды тұрақтандыру үшін 28 ақпанда Беларусь мемлекетінде келіссөз өткізген еді. 5 сағат көлемінде екі тарап өз талаптарын айтып, шешім қабылдау үшін тағы да кездесетіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әзірге екі мемлекет ортақ қызығушылықтары болуы мүмкін бірнеше мәселені нақтылаған. Мәскеуден келген делегацияны Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастады. Ал Киев делегациясын президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк басқарған. 

Мәскеу қойған талаптардың қатарында биліктің Қырымды ресми мойындауы, әскерді кері қайтару, әскерилер мен қару-жарақ санын шектеу, Украинаны ұлтшылдық идеологиядан тазарту, ұлтшылдық ұйымдарға тыйым салу сынды талаптар бар. Сонымен қатар Кремль Украинаның шетелдік қарулы күштердің орналасуына тыйым салатын бейтарап мәртебені таңдауы керек деп есептейді. 


«Ортақ мүддеміз бар деп болжанып отырған бірнеше мәселені анықтадық. Бастысы, келіссөз барысын жалғастыру туралы келісімге келдік. Алдағы уақытта Польша-Беларусь шекарасында кездесу өтеді», – деді Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский.

Киев өз кезегінде ресейлік әскерилердің Қырым мен Донбасстан шығарылуын талап етіп отыр. Президент Владимир Зеленский әзірге келіссөзден тиісті нәтиже шықпағанын айтқан. Сондай-ақ делегация мемлекет астанасына оралған соң, тыңдалған мәселелерді саралап, екінші кездесуге дайындық жүретінін қосып өтті. 

«Екі тарап нақты шешімі бар тақырыптарды анықтады. Дұрыс шешім қабылдау үшін екі жақ өз астаналарына қайтады. Сонымен қатар келген делегациялар алдағы уақытта екінші келіссөзде аталған мәселелердің нақты саяси жалғасын табу мүмкіндігін де талқылады», – деді Украина президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк. 

ДАТА РЕФЕРЕНДУМА НАЗНАЧЕНА — 15 МАРТА!

Станет началом новой надежды на полную перезагрузку правовой, политической,...

Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды – Айдарбек Қожаназаров

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті...

Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді – ЖСДП төрағасы

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне...

«Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы...

Депутат Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтады

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші...