12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бір күнгі ұрыстың қырық күндік кесірі бар

«Бір күнгі ұрыстың қырық күндік кесірі бар» дегендей, Ресейдің Украинаға шабуылы елдің тыныштығын бұзып қана қоймай, оның экономикасы үшін де үлкен соққы болуда. Қазіргі таңда Ресей банктері мен компанияларына Ұлыбритания, АҚШ тарапынан санкциялар салынып жатыр.

Мәселен, ВТБ, «Сбер», «Открытие» және Совкомбат сынды ірі банкілер америкалық санкцияларға ұшырауда. Ал, «Аэрофлот» деген ірі әуекомпания Ұлыбританияның айыппұлын мойнына ілді. Соғыс әрекеттері биржа мен рубльдің құлдырауына алып келді. Осының салдарынан Ресейдің бай бизнесмендері бірнеше тәулік ішінде миллиардтаған долларын жоғалтты. Forbes рейтингі бойынша Volga Group басшысы Геннадий Тимченконың байлығы 3,1 млрд долларға, «Новатэк» компаниясының басшысы Леонид Михельсонның байлығы 3,2 млрд долларға, «Лукойла» компапиясының президенті Вагит Алекперовтың байлығы 3,3 млрд долларға азайыпты.

Экономистер өздерінің есептерінде жағдайдың күннен күнге құлдырып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Рубльдің құнсыздануы салдарынан инфляцияның да елеулі деңгейде қарқын алуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда Ресейдің бірқатар банкілерінде 1 доллар 150 рубльден сатыла бас­тапты. Бүгінде ресейліктер жаппай жинақтаған ақшаларын шешіп алуға кірісті. Банкоматтарда доллар мен еуро азайып барады.
Ресей Президенті Владимир Путин Ресей бизнесмендерімен өткізген кезектен тыс кездесуінде жағдайға түсіністікпен қарап, үкіметпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды. Осы басқосуда «Сөзсіз бұл геосаяси жағдай Ресей бизнесіне әр түрлі шектеулермен күрделі жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бірақ мемлекет қана емес, экономика да дағдарысты жағдайға бейімделген. Ресей бизнесі де 2014 жылдан бері мұндай сынақтарға бейімделіп, күрделі міндетті шешуді үйренген», – деді РСПП жетекшісі Александр Шохин. Соңынан жабық жағдайда өткен бұл басқосуда бизнесмендерге «санкцияларға қарамастан бәріңді қолдаймыз, сендер тек патриот болыңдар» деген аманат жүктеліпті. Шохиннің сөзіне қарағанда Ресей бизнесіне кәсіпорындардың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін бұрынғыдан да қарқынды жұмыс істеп, жұмыс орындарының қысқаруына, тапшылықтың орын алуына, дүрбелең туып, бағаның өсуіне жол бермеу тапсырылған. Алайда, орта бизнес өкілдері мұндай соғыс әрекеттерін күтпегенін, оның эмоционалды және моральдық сонымен қатар экономикаға да айтарлықтай кері әсер ететінін айтып, қатты абыржып отыр. Бизнес өкілдері бұл ретте санкциялардың қаржылық құралдарды қолжетімсіз ететініне айрықша алаңдаулы. Өйткені, ресейлік банкілерге несие беру айтарлықтай қауіпті. Осының салдарынан қарыздар бойынша өсімақылар шектеусіз өсері хақ. Мұның сыртында рубльдің құнсыздануына орай Орталық банк негізгі өсімақыны қымбаттатып, бұл барлық несиенің қымбаттауына алып келері сөзсіз.
Украинамен жағдайдың ушығуы, әсіресе, Ресейдің туристік секторына соққы беріп, оған қатысушыларды қиын жағдайда қалдырып отыр. Қазіргі таңда көптеген аэропорттар жабылып, рейстер кейінге шегеріліп жатыр. Адамдар жаппай болмаса да, қорқып, саяхаттардан бас тартуда. Белсенді түрде басталған алдын ала брондау да тоқтап қалған. Қоғамдық тамақтандыру, демалыс орындары үшін де қиындықтар туды. Оларға тауар жеткізушілер қазірдің өзінде бағаның өскені туралы хабарлама жіберіп жатыр екен. Ресейлік те, импорттық тауарлардың да бағасы өсіп кеткен. Кейбір заттардың бағасы бірден үш есеге дейін қымбаттапты. «Руспотребсоюз» компаниясының атқарушы директоры Дмитрий Востриков Би-би-Сиге Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғаннан кейін бірден сауда желілері азық-түлік жеткізіліміне тапсырыстарды едәуір арттырғанын айтты. Барлығы тауарды арзан бағамен сатып алуға үлгергісі келеді, өйткені қазір нарықтағы құбылмалылық күшейе түсуде. Кәсіпкерлер қоймаларда белгілі бір қорлар жасау­ға тырысады. Тамақ өнеркәсібі үшін жағдай өте қиын» деді ол.
«Теңізді жел шайқаса ешкіні көктен ізде» дейді халық даналығы. Экономикалық бір кеңістікте отырған Қазақстанға Ресейдегі дүрбелеңнің ықпалы айрықша болары анық. Десе де бірқатар сарапшылар батыс елдерінің Ресейге салынатын санкцияларының толық пакетін күту керек, олар толық белгілі болған жағдайда ғана Қазақстанның экономикасы жайлы сөз етуге болады деген ұстанымда. Мәселен, ЦентрКредит банкі басқармасының төрағасы Ғалым Хусаиновтың айтуынша, егер қаржы секторына санкция салынатын болса, валюталық аударымдарға, инвестицияларға, мемлекеттік қарызға шек қойылып, оның салдары рубльдің әлсіреуіне алып келеді. Ресей біздің сауда бойынша ең ірі серігіміз болғандықтан бұл теңгенің құнына әсер етеді. Ресей өз тауарларын өткізуі үшін жаңа нарықты Қазақстаннан және біз арқылы өзге елдерден де іздеуге мәжбүр болатындығымен тауарлардың жылжуына секторалдық шектеулер туады. Ресеймен бір экономикалық кеңістікте жатқан мемлекет ретінде Қазақстанға ресейлік қатерлер халықаралық рейтинг тұрғысынан да кері әсерін тигізеді.
Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Мағбат Спанов бұл пікірмен келіседі. Оның айтуынша, біріншіден, Қазақстанның Ресеймен тауар айналымында үлесі көп. Еуропадағы жолды (немесе оның бір бөлігін) жабатын ресейлік нарық бізге бұрынғыдан да көп бет бұрады. Бұл қазірдің өзінде болып жатқан жағдай. Екіншіден, қақтығыс күшейе түссе Беларусь та осы үрдіске толықтай тартылып, санкциялар ықпалына ұшырайды. Қазақстанда Беларусь өндірушілеріне арналған арналар әлдеқашан жолға қойылған. Соның айғағы соңғы жылдары бізде көптеген сауда нүктелері мен Беларусь өнімдері пайда болды, енді ол тіпті қарқын ала түседі. Мұның салдары қазақстандық өндірушілердің нарықтағы орнының тарылуына соқтырады. «Мен көптен бері доллар бағамының теңгеге қатынасына ғана емес, теңгенің рубльге қатынасына да назар аударып келемін. Біздің валютамыз ресейлік валютамен тығыз байланысты, өйткені, жоғарыда айтылғандай, бізде Ресеймен тауар айналымының жоғары үлесі бар. 2014 жылы Ресейге қарсы санкциялардың алғашқы пакеттерін енгізген кезде, көбісі бұған, соның ішінде біздің Қазақстанда да күмәнмен қарады. Нәтижесінде, біздің мойнымыз­дағы экономикалық баж жыл сайын күшейді. Ал қазір бұл қысым арта түседі» дейді ол. Ал, экономикалық сарапшы Анна Бодрова Қазақстан экономикасы үшін күрделі сыртқы фонның салдары ел билігінің қандай позиция ұстануына тікелей байланысты болады деп есептейді.
– Республиканың саясаткерлері қазір мүмкіндігінше бейтараптықты сақтайды деп айтуға болады. Жақын арада теңге бағамы мұнайдың ағымдағы бағалары кезіндегі бағалардан әлсіреп кетуі ықтимал. Бұл оның рублмен, жалпы Қазақстан экономикасының Ресей экономикасымен тығыз қарым-қатынасына байланысты. Егер Қазақстанның саясаткерлері ресейлік әрекеттерді қолдаса теңге бағасы күрт төмендеуі мүмкін. Бірақ мұндай сценарийдің іске асу ықтималдығы аз.
Жалпы, Украина мен Қазақстан арасындағы тауар айналымына келсек, бұрын бұл бағыттағы әріптестік өте қарқынды болған. Оның деңгейі 2014 жылдан бастап Қырым Ресейге қосылған соң төмендей бастады. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сыртқы сауданы талдау сервисінің мәліметтері бойынша Қазақстан Украинаға шикізат өнімдерін, яғни, мұнай, газ және көмірді жеткізеді. Ал, Украина Қазақстанға негізінен азық-түлік, атап айтқанда ұн, жарма, майлы дақылдар, қант пен кондитерлік өнімдер және фармоцептикалық, өнеркәсіп өнімдерінің аз бөлігін экспорттайды екен.
Экономист Петр Своиктің айтуынша, бүгінде Украина мен Ресей арасындағы қазіргі саяси жағдай тауар айналымына әсер етеді деп айтуға ертерек. Өйткені, Қазақстандағы украин тауарлары бірінші қажеттіліктегі тауарлар емес, олардың нарықтағы үлесі аз. Сондықтан баға өссе де бұл үрдіс уақытша жағдай. Егер біз Украинаға жеткізетін мұнай өнімдерін алатын болсақ, онда Ресей Қазақстанның оларды сатуды жалғастыруына кедергі келтіреді деп ойламаймын, өйткені бұл аз ғана тауар. Бірақ біз оларды Украинаға сату мүмкіндігін жоғалтсақ та, экономикамыз аздап зардап шегеді. Егер Украина кенеттен Ресеймен шекараны жаба бастаса, жеткізілімдегі нақты үзілістер басталуы мүмкін. Өйткені, Украина сауда тұрғысынан Ресейге өте тәуелді, сондықтан олардың билігі шекараны жауып тастамайды, әйтпесе бұл оларға қосымша қиындықтар туғызады».
Тоқетерін айтқанда, Қазақстан үшін де сынаққа толы кезең басталды. Бұл жағдайдан отандық өндірісті барынша жолға қою үшін сындарлы шешімдер қабылдап, нақты іс-қимылға көшу арқылы ғана шығуымыз мүмкін.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Насыщенный старт года 

Начало 2025 года ознаменовалось для Президента Республики Казахстан плотным графиком встреч и рабочих поездок, каждая из которых стала ярким подтверждением его курса на модернизацию страны и укрепление ее позиций на мировой арене. Все события недели, от интервью до осмотра современных спортивных комплексов и заводов, демонстрируют многогранность задач, стоящих перед нашей страной в наступившем году.

Қазақстанның қай қалаларында тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы желтоқсан айында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы бағалар мен бағамдар туралы деректерді жариялады.

Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар қалай тексеріледі?

Кірістер комитеті мобильді аударымдар арқылы садақа мен қайырымдылық шараларына жиналған қаржының қалай бақылауға алынатынын айтты.

Алапат өрт, төтенше жағдай: Лос-Анджелесте не болып жатыр?

Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласы маңында орман өрті өршіп жатыр. Өрт салдарынан қаза тапқандар бар.

Қазақстандықтар заңсыз схемаларға “тартылып“ жатыр — ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігі 2024 жылы дроперлер арқылы ақшаны жылыстату деректерін анықтау нәтижелерін хабарлады.