Мемлекет басшысы жолдауда не туралы айтты? Ең маңызды жаңалықтарға шолу

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Massaget.kz тілшісі ең маңызды жаңалықтарға шолу жасады.

Бір палаталы Парламент құру бастамасы

Президент бүгін бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Мемлекет басшысы 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болатынын да айтты.

«Бірден айтайын, бұл — өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын», — деді Тоқаев жолдауда.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Президент қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санайды.

Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.

Алатау қаласына ерекше мәртебе беріледі

Президенттің айтуынша, Алатау қаласын ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек. Мемлекет басшысы содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет екенін де айтты.

Сонымен қатар, қытайлық Шэньчжэнь технополисін салуға қатысқан компания енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады.

Инвестиция тарту жайы

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы.

Сондықтан Президент премьер-министр Олжас Бектеновке осы мәселеге байланысты 10 күн уақыт берді.

Зейнетақы жинағына қатысты

Президенттің пікірінше, демография және еңбек нарығындағы үрдістер зейнетақы жүйесіне қатысты ұстанымдарды қайта қарауды қажет етеді.

«Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады. Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек», — деді Тоқаев жолдауда.

Су мәселесі

Президент тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер енгізу керек екенін де айтты.

«Табиғи ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетіне келсек, ол жағынан үлкен кемшілік бар екенін мойындауымыз қажет. Яғни атқарылатын жұмыс шаш етектен. …Біз қазірдің өзінде судың тапшылығын сезініп отырмыз. Ал оны тұтыну мәдениеті төмен», — деді Тоқаев.

Жұртты алаңдатқан Каспийдің жайы

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе екенін айтты. 

«Үкімет Каспийдің су ресурстарын сақтау туралы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді қолға алуы керек. Оны серіктес мемлекеттермен келісу қажет. Бұл құжат Каспий маңындағы елдердің үйлесімді әрі жедел әрекет етуіне арқау болуға тиіс. Бүгін біз су мәселесі бойынша дұрыс және орынды шешім табатын болсақ, ертең соның игілігін кейінгі ұрпақ көреді», — деді Тоқаев жолдауда.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.