12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қаңтар қасіреті» мұқият тексеріледі

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқығын сақтау мәселелері талқыланды. Оның жұмысына Бас прокурордың міндетін атқарушы Берік Асылов, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, сондай-ақ, құқық қорғау және арнайы орган басшылары қатысты.
Іс-шараны ашқан Б.Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайғылы оқиғаның себептері мұқият тергеп-тексеріліп жатқанын атап өтті. «Қазір біз бейбіт митингілерді әртүрлі күштердің пайдаланғанын нақты білеміз. Ұйымдастырушылар деструктивті және қылмыстық топтарды тартып, қаруландырып, олардың әрекеттерін үйлестірген. Тәртіпсіздіктер азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықпен, қиратумен және тонаумен қатар жүрген. Олардың мақсаты – халықты қорқытып, биліктің жұмысына тосқауыл қою болған», – деді Б.Асылов.
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қыз­метінің бастығы Серік Шалабаев өз кезегінде: «Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде және одан кейін ұсталған тұлғалардың құқығының сақталуын Бас прокуратура ерекше бақылауда. Бүгінгі таңда азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған, олардың ішіндегі ең резонанстыларын арнайы прокурорлар тергеуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталғандарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 қызметкер анықталып, ұсталды», – деп атап өтті.
С.Шалабаевтың айтуынша, қаңтардағы қайғылы оқиғаның нәтижесінде тергеу-жедел топтары терроризм актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3502 қылмыстық істі тергеуде. Бүгінде 737 күдікті тергеу изоляторында қамауда. Сондай-ақ, бұлтартпау шарасын өзгертумен 307 адам, оның ішінде 27 жасөспірімнің босатылғанын, одан басқа екі жасөспірім қамауда қалғанын айтты. Бұлтартпау шарасын өзгерту туралы арнайы прокурорлардан тағы 22 адамға қатысты материал түскен.
«Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1,5 мыңға жуық оқиға орнын қарау жүргізілді, 1500-ден астам сот-медициналық сараптама таға­йындалып, жүргізілуде. Прокуратура органдарына тергеудің заңсыз әдістері мен азаптауды қолдану туралы 283 арыз түсті. Оған кінәлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері заң алдында қатаң жауапқа тартылатын болады», – деді С.Шалабаев.
Қадағалау органы барлық жағдайда даусыз дәлелдерге негізделген объективті және бейтарап баға беріліп, азаматтардың конституция­лық құқығына қолсұғылмаушылық қамтамасыз етілетініне сендірді.
Жиын соңында, Берік Асылов Конституцияға сәйкес мемлекеттің ең жоғары құндылығы адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екенін атап өтті.
Прокурорлар тергеу изоляторлары мен басқа да қызметтік үй-жайларды күн сайын, оның ішінде түнгі уақытта және демалыс күндері де тексеруді жалғастырады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...