Экстремизм мен тероризмның алдын-алу шаралары

2022 жылдың 25 ақпан күні «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ, конфессияаралық қарым-қатынасты талдау және дамыту бөлімінің теологы Н.А.Нұрмағамбет және Қ.Ж.Мұстафин Явленка ауылында СҚО бойынша ҚАЖД Есіл аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандармен лекция өткізді.

Осы орайда орталықтың теологтары бүгінгі күнде өзекті болып саналатын «Деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері», «Интернет кеңістігіндегі алдап-арбау мен деструктивті діни ағымға тарту айлалары» тақырыбында сөз сөйлеп, тыңдаушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Өмірмұрат Қойшыбаев,

СҚО бойынша ҚАЖД Есіл аудандық пробация қызметі

бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...