12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕС-164/3 мекемесінде үздік жасақ бастығы таңдалды

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері арасында «Үздік жасақ бастығы» атағына байқау өтті. Барлығы 5 жасақ бастығы қатысты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін және эмблемасын ұсынуы керек еді. Екінші кезеңде қатысушылар жасақ буынындағы тәрбие жұмысының жаңа әдістері, сотталғандармен сабақ өткізу туралы бейнероликтер дайындады. Байқаудың үшінші кезеңінде қатысушылар Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті, сондай-ақ практикалық қызметтен ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Жасақ бастығының құжаттарын жүргізу, журналдарды толтыру тәртібі мен уақтылығы конкурстың соңғы төртінші кезеңінде ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға СҚО ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры Санат Қазбеков, екінші орынға әділет майоры Болатұлы Қуандық, үшінші орынға әділет аға лейтенанты Азамат Құсымбаев ие болды.

Жеңімпаз мекеме намысын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті базасында өтетін облыстық байқауда қорғайтын болады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

СҚО бойынша ҚАЖД

әділет майоры Евгения Клепикова

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...