Қызылорда облысы ЗК-169/1 тергеу изоляторының Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы қашанда қарбалас. Өйткені бұл бөлім мекеменің тіршілік көзі.
Мекеме қамауындағыларды жылумен, тамақпен , күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мұндағы қызметкерлердің басты міндеті.
Бөлім бастығы Сейілов Қанаттың айтуы бойынша,Тыл бөлім ҚР Үкіметінің 2014 ж 28 қарашадағы № 1255 қаулысын басшылыққа ала отырып, сотталғандар мен тергеудегілерді арнайы тамақтану, киіну, жеке-гигеналық заттарды үлестіру, төсек-орын жабдығымен қамтамасыз ету нормалары бойынша жұмыс жасайды.
Мұнда тұтқындар тұтастай камералық жүйемен ұсталады. Камераларға теледидар орнатылған. Онда барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталады. Камералар жылу жүйесімен жабдықталған, және түнгі уақыттарда электр жарығы берілген.
- Біздің мекемеде тұтқындағылардың тұрмыстық жағдайлары күн тәртібінен түспейтін мәселе. Өйткені мұнда, келіп түскендердің әрқайсысына бірінші кезектегі қажетті материалдық- тұрмыстық жеке төсек орын, матрас, жастық және жапқыш жеке керует беріліп, оның ақ жаймасы апта сайын ауыстырылып отырылады. Аптасына бір рет моншаға түеді. Шаш, сақал мұрттары алынып, сыртқы бейне көріністерін жинақылықта ұсталуына да жағдай жасалынған- дейді комендант Сыздықов Қайрат
Мекеме « тұрғындарын» азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі де, өте жоғары. Мүгедектер мен белгілі бір сырқаты бар адамдарға арнайы норма бойынша ас-су дайындалады. Короновирустық инфекциянының алдын алу мен суық маусымдық кезеңдерге өту кезінде иммунитетті көтеру мақсатында, құрамында дәрумені мол тағамдар жиірек берілді.
- Маған ҚР ҚК- нің 272 – бабы бойынша айып тағылған. Ісім тергеуде. Жұмыссыз болғандықтан әржерден тапқан табысыма артық таңсық тағамдарды сатып алуға қаражатым жете бермейтін. Ал, бұл мекемеде ас әртүрлі мәзірмен дайындалады. Ыстық тағамдарға сиыр, тауық еттері үздіксіз қосылып жасалады. Бұдан бөлек, балық пен сүт өнімдері, жұмыртқа, кофе мен компот, сок және жеміс-жидектер соның ішінде лимон мен алма күнделікті беріліп тұрады — дейді, С есімді тергеудегі азамат.