spot_img
spot_img

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңы

2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР Президентінің қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайтын «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР № 131-VI ҚРЗ заңын қабылдады. Қордан жәбірленушілерге өтемақы біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды орындау үшін пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының ТЖЖ есебінде 2022 жылдың басынан бері сот үкіміне сәйкес жалпы сомаға 1 499 370 теңге жәбірленушілердің өтемақысы қорына мәжбүрлі төлемі бар барлығы 28 сотталушының есебі бойынша өтті.

Жыл басынан бері жалпы сомасы 252 290 тенгеге 5 сотталған, жалпы сомасы 211 740 тенгеге 7 сотталған өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді толық өтеген.

Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері мәжбүрлі төлемді өтемейтін сотталғандармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді, атап айтқанда: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бар бос орындармен танысады, ҚР ҚК 430 – бабы «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге сот актісін не атқару құжатын орындамау» талаптары бойынша қоғамдық жұмыстарға тартудан бастап 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.

Орындаушы: Петропавл қ. ПҚБ инспекторы

әділет майоры Ж.Г.Алимжанова

ҚАЖ мекемесінде тыйым салынған заттардың енуінің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізілді

2024 жылғы 21 қарашада Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Кинология...

Астана қаласының ҚАЖ ҚМДБ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

ҚМДБ Астана қаласының «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Жусупов...

Победителем республиканского шахматного турнира стал сотрудник акмолинского ДУИС

Организатором республиканского онлайн турнира по шахматам выступил Комитет уголовно-исполнительной...

“Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны арқылы оңалту ”

БҚО-да Тергеу Изоляторында “Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны...