«Күміс жас» бағдарламасына жұмыс берушілерден өтінім қабылданып жатыр

Бұл бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады.

«Күміс жас» бағдарламасына қатысуға ниет танытқан жұмыс берушілерден өтінім қабылдап жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтемемен inbusiness.kz.

«Биыл «Күміс жас» бағдарламасын іске асырамыз. Бұл бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтарды уақытша жұмыспен қамтимыз. Мұндай азаматтарға жалақының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жұмыс беруші төлейді. Жалақының ең жоғары шегін 30 айлық мөлшерінде болады. Бұл 91 мың теңге шамасында. Мысалы, жұмыс беруші 180 мың теңге жалақы белгілесе, онда оның 90 мыңын мемлекет төлейтін болады. Бұл бағдарламаға қатысуға ниет танытқан жұмыс берушілерден өтінім қабылдап жатыр», — деді ол қала әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Орталық директорының айтуынша, биыл «Жастар тәжірибесі» жобасына қатысушылардың еңбекақысы 122 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін ұзартылады. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың жалақысы 30 АЕК-ке дейін немесе 91 мың теңгеге дейін артады.

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...