12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ресей әскері Украинаға басып кіруге бұйрық алды — CBS

Америкалық CBS телеарнасы америкалық шенеунікке сілтеме жасап, Ресей әскери қолбасшылығы Украинаға шабуылды бастау туралы бұйрық алғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бізде ресейлік қолбасшыларға Украинаға басып кіруге бұйрық берілгені туралы барлау мәліметі бар», — деді телеарна тілшісі Дэвид Мартин эфирде.

Оның айтуынша, командирлерге ұрыс даласындағы өз секторында нақты әрекет ету жоспарын әзірлеу тапсырылған.

Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, бұл бұйрық шабуыл болатыны сөзсіз екенін білдірмейді, өйткені Ресей президенті Владимир Путин әлі де бұйрықты өзгерте алады.

Бұл ретте Ресей қорғаныс министрлігіне жақын дереккөз РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында, CBS телеарнасының ақпаратын ақымақтық деп атады.

«Осы «сенсация» авторлары өз қиялымен президент Джо Байденді келеңсіз жағдайға түсірді. Байден өткен аптаның басында Ресей әскерлері 16 ақпанда, сәрсенбіде Украинаға басып кіруі керек, барлау дәл растады деп мәлімдеді. Енді «америкалық барлау» 16 ақпаннан кейін бір апта өткен соң Ресей командирлері «өз іс-әрекетін жоспарлаумен» айналысқанын анықтады», — деді ақпарат көзі.

«Мүмкін Пентагонда жедел жоспарлау осылай ұйымдастырылған шығар. Алдымен командирлер әскерін ұрысқа жібереді. Бірнеше күннен кейін «өз әрекеттерін жоспарлауға кіріседі». Америкалық әскердің Ауғанстаннан асығыс кету мысалы, солай деп ойлауға толық негіз береді», — деп толықтырды агенттік дереккөзі.

Оның айтуынша, Ресей қарулы күштерінде бәрі мүлде басқаша ұйымдастырылған. «Сондықтан, америкалық БАҚ-тың бұл ақымақтығы ащы мысқылдан басқа ештеңе туғызбайды», — деп түйіндеді дереккөз.

Қызылордада пробация есесбіндегі 15 сотталған жұмысқа жолдама алды

Қызылорда қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен сол жағалаудағы «Болашақ» университетінің...

Мекемедегі жеке кәсіпкерлер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікпен таныстырылды!

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N79 мекемесінде сотталғандардың...

Шағым немесе өтініш беру тәртібі

Прокуратура органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің ақпараттық жүйелерінің интеграциясы Атырау...

В Алматы сократили долю молодежи категории NEET

Управление молодежной политики города Алматы создало систему социализации молодежи,...

Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы NEET-жастардың үлесін 2024 жылдың...