12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атқарылған жұмыстар жоғары бағаланды

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімшілігінде Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің ІІ Пленумы болып өтті.

Оған Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Шарада Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахтияр Камалов сөз алып, 2022 жылдың 11 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сөйлеген сөзіне орай, Алматы қаласы Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің өткен 2021 жылда атқарылған және үстіміздегі 2022 жылда атқарылатын жұмыстарына байланысты баяндама жасады. Сондай-ақ, жұмыс барысында аудандық Ардагерлер кеңесі ардагерлер мен зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайының қорғалуына, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік пен ұйымдастырудың барлық түрлеріне байланысты, Медеу аудандық әкімшілігімен тұрақты түрде тығыз байланыс орната отырып, соғыс ардагерлеріне, ардагерлер мен зейнеткерлерге, тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне, жалғызілікті қарттарға әлеуметтік көмек көрсеткен. Дегенмен де, қаншама ауқымды атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, әлі де қарт адамдарға ерекше назар аударылатын жайттар аз емес көрінеді.

Шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов білім саласын бұқараландыра, имандылыққа ұйыта отырып, жастарға рухани тәрбие беру керек екендігі мәселесіне және жыл басында орын алған қаңтар оқиғасына тоқтала келіп: «Отбасылық тәрбиенің де олқы кеткенін мойындағанымыз жөн. Ақпараттық интернет әлемі баулап алып, көптеген теріс бағыттар енуде.  Бұл мәселені де ескергеніміз жөн. Біз намысшылдығымыз, сезімталдығымыз, мінезіміз жағынан алғанда асыл текті, кең пейілді мызғымас күшке ие, діні, ділі мен Отанына деген ынта-ықыласы кімге болмасын жігер беріп жүрген жан емес пе едік? Демократиялық құндылықтар дүние танымымыздың жемісі болса, онда оларға деген қандай өшпенділік болуы мүмкін?» деген қынжылысын білдірді.

Сонымен қатар, жиында Медеу ауданының ардагерлер ұйымы мен комиссия төрағалары өз учаскелеріндегі өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Мысалы, Медеу аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің жетекшісі Ержан Байқоныс мырза аудандағы жағдайы төмен қарт адамдарға көмек көрсетіліп жатқанын нақтылай келіп, – сол қарт кісілердің балалары көп жағдайда шет елге кетіп қалып, кейін ата-аналары өмірден озған соң үйлерін алуға келеді немесе кейбіреулері ата-анадарының үйлерін сатып жіберіп, қарттарды далаға қалдырады, – дейді. Расымен де, бүгінгі таңда мұндай жайттар аз емес. Сонда ондай ата-аналардың обал-сауабы кімге деген сауал туындайды.

Шарада Халыққа қызмет көрсету орталығынан келген Арайлым Айжановаға, жергілікті полиция бастығы Айбек Болатбаевқа ардагерлер тарапынан өздерін мазалаған сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, «Рахым» әлеуметтік қоғамдық қоры үйінің жетекшісі Бибинұр Шералиева да жалғызілікті зейнеткерлер әлеуметтік көмекке зәру дей келіп, оларға қосымша пакет ұйымдастырылатындығын жеткізді.

Шара соңында Алматы қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Құрманғалиев мырза сөз алып, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесі көптеген игілікті істерге ұйытқы болып отырғандығын атап өтіп, өткен жылы жүзеге асырылған істерге жоғары баға берсе, алдағы уақытта атқарылатын істерге сәттілік тіледі.

Алматы қаласы Медеу аудандық Ардагерлер кеңесі

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...