Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды

Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеуді Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Басқарманың өзінде журналистерге «әзірше ештеңе айта алмаймыз» деп жауап берген.

Шухрат Данбай 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған.

Қазір ол Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына орналастыру үшін сараптамадан өтіп жатыр.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...