Google жаңа операциялық жүйесін таныстырды

Google компаниясы Chrome OS Flex операциялық жүйесін таныстырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жүйе — ескі компьютерлер мен ноутбуктерге арналған және оларды қолданатын компаниялар мен мектептерге бағытталған Chrome OS-нің жеңіл нұсқасы.

Google қызметкері ескі жүйелерді Windows немесе macOS-ты Chrome OS Flex-ке ауыстыру арқылы жандандыруға болатынын айтты. Бұл ескі жабдықтардың ұзақ жыл бойы тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Gizmochina мәліметінше, ОЖ бірнеше минут ішінде орнатылады және 13 жылға дейінгі құрылғыларда тиімді жұмыс істейді. Бұл ескі ноутбукты Chromebook-қа айналдыруға мүмкіндік береді.

Жүйені орнату үшін сауалнамаға деректерді енгізу керек, ал содан кейін Google орнату нұсқаулығын жібереді. Орнатудың үшін тек ОС жүктелетін USB флэш-дискі қажет. Бұл жағдайда кейбір функциялар қолжетімді болмауы мүмкін, өйткені бәрі аппараттық құралға байланысты болады.

Былтыр Google Android операциялық жүйесінің жаңартылған нұсқасын жариялаған еді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...