12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шығысы кірісінен көп мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылады

Бірақ әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшілерге шығындардың заңдылығын түсіндіруге мүміндік беріледі.

Қазақстанда кірісі мен шығысының арасындағы айырмашылық 1 000 АЕК-тен (3 миллион теңге) асатын мемлекеттік қызметшілерге айыппұл салынады. Ал егер айырмашылық жылдық табыстан асса, мемлекеттік қызметтен үш жылға босатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, заң жобасында негізсіз баюға жауаптылық енгізу көзделген.

«Бұл норма жемқорлыққа қарсы күрес жүйесінің ең маңызды іргетасы деп айтуға болады. Жасыратыны жоқ, жемқорлықтың арқасында дүние жинап, оларды басқаларға тіркеп, активтерді жасыру схемасы бәріңізге мәлім. Ал осы жасырын байлыққа заңсыз жолмен ие болғанын дәлелдеу оңай емес. Сондықтан азаматтардың шығындары заңды табыстарынан негізсіз асып кетсе, тиісті шаралар қабылдау қажет», — деді ол мәжілістің жалпы отырысында.

Осыған байланысты қолданыстағы заңнамада көзделген 10 пайыздық жеке табыс салығынан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту ұсынылып отыр.

Атап айтқанда, шенеуніктердің шығысы мен табысының айырмашылығы 1 мың АЕК-тен (3 063 000 теңге) асып кетсе, фискалдық санкция қаралады. Яғни, айырмашылық сомасының 90%-і әкімшілік айыппұл ретінде тәркіленеді.Бірақ әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшілерге шығындардың заңдылығын түсіндіруге мүміндік беріледі, деді агенттік төрағасы.

«Егер сол айырмашылық жылдық табыстан асып жатса және оның қайдан шыққанын түсіндіре алмаса, мансаптық жаза қаралады. Ол дегеніміз мемлекеттік қызметтен үш жылға теріс себептермен босатылады», — деді Ахметжанов.

Ол негізсіз баю жауапкершілігін енгізу декларацияның қисынды жалғасы екенін атап өтті.

Бұл жаңашылдықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Өйткені республиканың барлық азаматы 2025 жылы өз кірісінің мөлшері туралы есеп береді. Ал 2026 жылдан бастап олардың шығысын кірісімен салыстыру процесі басталады.

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Поддерживая демократические процессы

В Санкт-Петербурге прошло 57 пленарное заседание Межпарламентской Ассамблеи СНГ,...

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...