Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Метеожағдайға байланысты кейбір әуежайларда ұшақтар кешігін жатыр. Алматыдағы ауа райы жағдайына (қарлы жауын) және экипаж мүшелеріне байланысты Lufthansa әуе компаниясының бір ғана рейсі (Алматы-Нұрсұлтан-Франкфурт) кешікті»,- деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Қазір онлайн кестеге сәйкес Нұр-Сұлтан, Шымкент, Бішкек, Дубай, Көкшетау, Атыраудан Алматыға ұшатын ұшақтар кешігіп жатыр.

Еске салайық, Алматыға қалың қар түсті. Қазіргі сәтте қала аумағында қардың қалыңдығы 15-18 см, ал тау бөктерінде 30 см жетті.

Қазгидрометтің болжамынша, қар бүгін түске дейін жауып, түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы 15 ақпанда күндіз 0-3 градус аяз болады.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...