Алматыда көлік әйнегін сындырған ер адам ұсталды

Алматыда полицейлер көлік әйнегін сындырып, зат ұрлаған ер адамды ұстады. Оның заңсыз әрекеттері тұрғын үй кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл жайт әлеуметтік желілерде жарияланды. Ол кезде полицияға ресми өтініштер түспеді. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел іс-шаралар өткізу барысында тағы алты жәбірленуші анықталды, олардың көлігі де осындай схема бойынша тоналған. Күдікті 1996 жылы туған Б. ұсталды. Тергеуде ол тек екі ұрлық жасағанын мойындады. Ал оның айғақтары қаншалықты шынайы екенін одан әрі тергеу көрсетеді», — деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Оның айтуынша, ер адамды көліктерге орнатылған видеокамералар қызықтырған.

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін...

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуде...

Тоқаев Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...