12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысындағы тергеу және уақытша ұстау изоляторларынан 33 адам босатылды

Алматы облысында тергеу және уақытша ұстау изоляторларынан 33 адам босатылды, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала ата-анасының қамқорлығына алынды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 88 адам қамауда отырса, 60-на қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес басқа да бұлтартпау шаралары белгіленді.

Бұлтартпау шарасы жеке басын, жасын, денсаулық жағдайын, қатысу дәрежесін, әрекетке қатынасын және басқа да мәліметтерді мұқият зерттегеннен кейін таңдалды. Қаңтар оқиғасының салдарынан облыс бойынша 758 адам зардап шекті, оның ішінде 643-і полиция қызметкері, 78-і әскери, 37-сі бейбіт тұрғын. Көпшілігі жеңіл жарақат алған, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Іс-әрекеттерінде ауырлататын мән-жайлар жоқ адамдарға жазаны жеңілдету бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында шаралар қабылдануда. Мұнда әрбір құқық бұзушыға жеке мән беріп отырмыз. Сипаты мен санатының ауырлығы бағаланды», — деді Алматы облысы прокурорының міндетін атқарушы Рашид Әміров.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 409 қылмыстық іс тергелуде, оның 158-і ұрлық, 191-і қаруды заңсыз сақтау, 11-і терроризм, 3-і жаппай тәртіпсіздік, 3-і кісі өлтіру және тағы басқа қылмыстар.

Тергеу нәтижелері бойынша жеңілдету мақсатында 93 апелляциялық өтінішхат енгізіліп, сотпен прокурордың актілері қанағаттандырылды. 71 тұлға қамаудан босатылды, 22-не айыппұл ескертуге ауыстырылды. Қазіргі таңда облыс бойынша әкімшілік қамауда отрыған адамдар жоқ.

Естеріңізге саламыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактілерімен 37 қылмыстық іс тергелуде.

Эксперты обсудили 30-летие Конституции РК на площадке КИСИ GPS

25 августа т.г. в Алматы Казахстанский институт стратегических исследований...

Республиканская Лига молодых предпринимателей меняет бизнес-ландшафт Казахстана

Молодые предприниматели Казахстана часто сталкиваются с серьезными вызовами: недостаток...

Мемлекеттік тіл – елдігіміздің тірегі

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік...

Конституция – ел дамуының даңғыл жолын айқындайды

Биыл қазастан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Ата-бабаларымыздың сан...