Берік отбасы-есірткіден алыс!

Біз, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы №277 мектеп-лицейі, Уразовтар отбасы, «Берік отбасы-есірткіден алыс!» ұранымен есірткіге қарсы бұқара қауымға, жастар мен жасөспірімдерге үндеуімізді ұсынамыз!
Қaзақcтaн-мықты мемлекет, ұйымшыл ұлт!
Біз, Қазақстан азаматтары, кемелденіп, өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Осындай зайырлы мемлекетте өмір сүру-кез келген бостандықты аңсаған халықтың арманы. Ал, осындай егеменді елде салауатты өмір салтын ұстанып, есірткіге қарсы күрес жолында жалпы халық болып атсалысу-әрбір жеке тұлғаның міндеті! Жалпы есірткі және уытқұмарлық заттардың кeсeлдi кесірі қолданумен ғана шектелмейді. Бұл індеттен нашақорлардың жанұясы, жақындары, достары, тұтас қоғам зардап шегіп, ойрандалатыны анық. Ең әуелі, ми мен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, ақыл-естің ең азулы дұшпаны- ол есірткі. Сана-сезімі улы түтінге тұншығып, ақыл-есі есірткінің кепешімен бұғауланған адам-мәңгүртке айналады.Сол себепті, есірткіге қарсы күресті әрбір шағын мемлекет — отбасыдан бастауымыз қажет!
Отбасыны шағын мемлекет деп қарастыратын болсақ, «тәрбие — тал бесіктен» екенін естен шығармау — әрбір ата-ананың отбасындағы парызы. Балаларымыздың бойына ұлттық құндылықтарды сіңдіре отырып,еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін салауатты өмір салтын ұстанатын болсақ, елімізде ұрлық, зорлық, нашақорлыққа бой алдыру секілді қылмысты істер болмас еді. Қоғамға пайдасын тигізер кемелді ұрпақ тәрбиелеу- адамзаттық парызымыз! Әрбір отбасының ереже тақтасында зиянды әдеттерге әуес болмау, болған жағдайда арты жақсылыққа апармайтындығы туралы қағида болуы шарт!
Біз, Уразовтар әулеті, әрбір отбасы мүшелерін:

-спорт түрлерімен айналысуға:

-жасөспірімдерді, әр түрлі пайдалы үйірмелерге қатысып, өнері мен білімін жетілдіруге;

-нашақорлыққа бой алдырмауға;

-халықтың жанашыры, арашашысы-заң қызметкерлерінің еңбегін бағалауға;

-әрбір атқан таң мен батқан күннің қадірін білуге;

салауатты өмір салтын сақтауға шақырамыз!
«Біз-есірткіге қарсымыз!»
Уразовтар отбасы

#есірткігеқарсы,#противнаркотиков

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...